Accessibility links

Алаң мен ҰҚКД арасы


Алаң мен ҰҚКД арасы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:29 0:00

Орал қаласында коммуналдық қызмет тарифтерін қымбаттатуға наразылық митингін ұйымдастыру жөніндегі коалицияға кіретін азаматтық белсенділер ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ҰҚКД) ғимаратынан Сырым Датұлы атындағы алаңға дейінгі арақашықтықты өлшеп шықты. Орал қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі бұдан екі күн бұрын белсенділердің митинг өткізуге рұқсат сұраған өтінішіне берген жауабында "жиын өткізуге таңдап алынған жер облыстық ҰҚКД кеңсесінен 100 метр радиусте болғандықтан өтініш қанағаттандырылмайды" деген уәж айтқан еді. Белсенділердің айтуынша, олар өлшеп шыққан арақашықтық 100 метрден асып кеткен. Орал, 23 қыркүйек 2015 жыл.

XS
SM
MD
LG