Семіз адамға арықтау қиын. Ал айналаңыздағы адамдар сізді қолдамаса, артық салмақтан арылу тіпті қиямет.
Бірнеше жыл бұрын АҚШ тұрғыны Надин Абу Джубара ханым арықтауға тырысып көрген. Ол - Палестинадан АҚШ-тың Флорида штатына қоныс аударған мұсылман әйел. Надин Абу Джубара салмақ тастап, денсаулығын түзеуге ұмтылғанда мұсылман таныстары арасында бұл ниетін құптағандардың аз болғанын айтады.
Таяушығыстық мол дастархан басында ол тағамдардың денсаулыққа пайдалысын таңдап, оның өзін шақтап жеуге тырысқан. Ал қасындағы жақындары «Тағы да алсаңшы!», «Бір күн тойсаң түк емес, бір тістесең ештеме етпес» деп мазалайтын.
- Соның бәрі жүйкеме тиетін, бірақ өз мақсатыма жетуге тырыстым, - дейді ол.
30 килограмм салмақ тастаған соң ол адамдардың көзқарасы күрт өзгергенін байқаған. «Керемет болып кетіпсің! Не істедің? Құпиясын айтсаңшы» дегендер көбейген.
«Құпия» туралы сауал жиі қойылған соң Джубара сауал иелерінің бұл мәселеден хабарсыз екенін байқайды. Яғни, мұсылман әйелдердің денсаулығын күтуге жағдайлары келе бермейді. Олардың өзі қалаған тағамын таңдап ішуге мүмкіндіктері аз, мұсылман әйелдер басқалармен бірге дастархан басында ғана ауқаттанады және сол уақытта тамақты мол жейді.
ХИДЖАППЕН ЖАТТЫҒУ
Дене сымбатын қалпына келтірген Джубара басқа әйелдерге де көмектескісі келген. Солайша ол «Nadoona» деп аталатын сайт ашады. «Nadoona» сөзі араб тілінен аударғанда «бізге хабарласыңыз» дегенді білдіреді. Бұл сөзді керісінше оқығанда «жаңа күн» деген сөз шығады.
Басында ол әр әйелге арнап жеке диета мен дене жаттығуларының үлгісін жасап беріп жүрген. Соның ішінде кейбір әйелдерге жеке видео-коучинг (онлайн-жаттығу сабақтары) өткізген. Бұл қызметінің ақысы да қымбат болмаған. Оған тек мұсылмандар ғана емес, басқалардан да ұсыныс түседі, көптеген жағымды пікірлер естиді.
- Бұл идеяны жүзеге асырғанда адамдарды діни ерекшелігіне қарап алалайын деген ойым болған жоқ. Артық салмақ пен целлюлит нәсіл талғамайды, бұл тұрғыдан алғанда адамдар арасында шекара жоқ. Бұл - бәрімізге ортақ мәселе, - дейді ол.
Оның қызметіне қызығушылық танытқандардың көбейгені соншалық, Джубараның ойына тағы бір идея келеді. Ол мұсылман әйелдерге арнап тұңғыш DVD жаттығулар жинағын шығарады. Оны «Nadoona Extreme» деп атайды.
«Nadoona Extreme» жаттығуларын YouTube желісіне жарияланған мына видеодан көре аласыз:
«Өз денеңді өз үйіңде күт» деген сөзді ұран еткен бейне жаттығулар жинағы қараша айының басында 2 мың данамен жарық көрді. Тұтынушылар дискіге бірнеше апта бұрын интернет арқылы тапсырыс беріп қойды. DVD жинағында жаттығуларды көрсететін Зайнаб Исмаил атты әйел - Пуэрто-Рикодан келген бодибилдинг чемпионы. Ол 20 жылдан бері фитнес жаттықтырушысы болып келеді, жақында ислам дінін қабылдаған.
Дискіде Исмаил ұзын жеңді жаттығу киімі мен спорттық шалбар, басына хиджаб киіп тұрып, қарапайым, бірақ қозғалысты қажет ететін жаттығуларды орындайды. Жүресінен отырып-тұру, алға қарай созылу сияқты жаттығулар екпінді әуен ырғағымен орындалады.
ДІН МЕН ЗАМАН ТАЛАБЫН ҰШТАСТЫРУ
DVD жинағы мұсылман әйелдерге арналғандықтан, Исмаилдың жаттығу кезіндегі киіміне қатысты әр алуан пікірлер айтылды. Джубара бұл жайында:
- Батыс елдерінде «мұсылман әйел заманға лайық болуы керек, сөйте тұра діни ерекшелігін де сақтауы тиіс» деген пікірталастар үнемі жүріп жатады. Ал фитнес әлемінде денені бүркемелеу деген проблема жоқ. Зайнаб екеуміз оның киімін дін талабына сай етуге тырыстық, бір жағынан өзара әзілдеп айтатынымыздай «қапқа (мешок - ред.) ұқсап қалмауын» да қадағаладық. Шынымен де егер оны діни киімге орап тастасақ, расымен де бумаға ұқсап қалады, - дейді.
Жаттығуды Исмаил араб тілінде дұға оқумен бастайды. Джубараның түсіндіруінше, дұға оқу жаттығуға діни сипат беріп, оны мінәжат ғұрпына ұқсатады. «Бисмиллахи рахмани рахим» деген сөзді «Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!» деп аударуға болады. Жинақтың ислам талаптарына негізделіп жасалғаны осыдан көрінеді.
Бірақ Джубара өз идеясының барлық адамдарға арналғанын айтады.
- Пайғамбарымыз, Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын, бізге денемізді күтіп ұстауды үйретіп кетті. Денемізге зиян келтірмеуге тиіспіз. Артық тамақтану да зиян, ал тәнімізге жауапкершілікпен қарап, қамқорлық жасау бізге аманат етілген, - дейді ол.
«Nadoona Extreme» жинағын АҚШ-тың сауда айналымы 264 миллион долларға жеткен, бәсекесі қатал DVD фитнес-индустриясында танымал болады деуге әлі ерте. Бірақ Джубара мен Зайнаб «мұсылман әйелдер арасында бірінші болып DVD жаттығулар жинағын шығардық» деп мақтана алады.
Хизер Мейердің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.