Accessibility links

«Хиджабпен күрес» қызып тұрған кезде Алматыда мұсылмандар ательесі ашылды


Дизайнер Мира Мырзабаеваның киім үлгілері. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.
Дизайнер Мира Мырзабаеваның киім үлгілері. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.

Алматыда мамырдың 9-ы күні стилист, дизайнер Мира Мырзабаева мұсылман әйелдерге арналған «Ханша» атты киімдер коллекциясын таныстырды. Киім үлгілері арасында мұсылман әйелдердің көзін ғана ашық қалдыратын ниқаб та бар.


Дизайнер Мира Мырзабаева «бұл көптен бері жүзеге асыра алмай келген идеям еді» дейді.

НИҚАБ НЕМЕСЕ «ҚЫЗДАРДЫҢ ҰМЫТШАҚТЫҒЫ»

12 жылдан бері экономика саласында қызмет ететінін айтқан Мира Мырзабаеваның киім дизайны кәсібін бастауына «Қазақстанда мұсылман әйелдер талғамы мен мүмкіндігіне сай киіне алмайтындығы себеп болған».

Дизайнер Мира Мырзабаева. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.
Дизайнер Мира Мырзабаева. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.


- Негізі басқа кәсіппен айналысып жүргендіктен, біреулер істейтін шығар деп күткенмін. Бірақ ойымдағыдай істеп жатқан ешкімді көрмедім. Біреулер көйлектерді 200 мың теңгеге бағалайды. Ал біреулер 5 мың теңге дейді. 5 мың теңгелік көйлектер - қырғыз өнімінің сапасы. Ал екі жүз мыңдық көйлекті Қазақстанда көп болғанда он адам ғана алатын шығар. Бағаны тым қымбаттатпай, тым арзандатпай, мұсылман әйелдерге арналған киімдердің орташа бағасын таптым. Біздің киімдеріміздің бағасы 10 мың мен 40 мың теңгенің арасында, - дейді Мира Мырзабаева.

Мира Мырзабекованың киім үлгілерінің арасында әйелдердің жүзін жасырып, көзін ғана қалдыратын ниқаб үлгілері де болды. Оның айтуынша, «бұл жай ғана сән үшін тігілген».

- Ол негізі мойында тұратын нәрсе. Соларды көрсету керек болатын. Біреуі түсіріп көрсеткен. Екі қыз түсіруді ұмытып кеткен. Жалпы ол шариғатта жоқ қой. Мысалы, қазір Меккеге қажылыққа бетіңізді жауып барсаңыз, ондағы полицейлер таяғымен бетіңді түсіріп тастайды. Харам дейді. Үйтіп жабуға болмайды деген талап бар ол жақта, - дейді дизайнер.

«ЖАЛАҢАШТАНУҒА РҰҚСАТ БЕРГЕНДЕ, ЖАПҚАНҒА НЕГЕ РҰҚСАТ ЖОҚ?»

Қазақстанда хиджаб киюге байланысты шыққан даулардан хабардар екенін айтқан Мира Мырзабаева:

- Қазір (оқу орындарында) хиджабқа тыйым салып жатқаны дұрыс емес. Түркиядағыдай рұқсат беретін бір уақыттар келеді. Жалаңаштануға рұқсат бергенде, жапқанға неге рұқсат бермейді - мен осыны түсінбеймін, - деді.

Дизайнер Мира Мырзабаева ұсынған мұсылман әйелдерінің киім үлгілері. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.
Дизайнер Мира Мырзабаева ұсынған мұсылман әйелдерінің киім үлгілері. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.

Бұған дейін Қазақстанның бірқатар оқу орындарында (Ақтөбе, Атыраудағы оқу орындарда, Алматы облысындағы мектепте) шәкірттер мен басшылар арасында хиджабқа қатысты дау туындаған еді. Оқу орны басшылары шәкірттерінің сабаққа хиджаб киіп келуіне қарсы болса, ата-аналар мен шәкірттер хиджабтарын шешуді талап еткен басшылыққа наразылық білдірген.

Ақпан айында дін істері жөніндегі агенттік Азаттық тілшісіне осы мәселеге орай «Қазақстан Республикасы аумағындағы жалпыға бірдей және міндетті орта білім беретін мектептерде хиджаб кию мәселесі ҚР заңнамалық нормаларымен үйлеспейтіндігін хабарлаймыз» деп жауап берді.

Одан бұрын, 2011 жылы наурыз айында Түркістанда шығармашылық өкілдерімен кездесуде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі әйелдердің хиджаб тағып, пәренже киюіне қарсы екенін туралы мәлімдеп: «Мен әсіресе оқушы қыздарымыздың хиджаб немесе пәренже киюіне түбегейлі қарсы болғанмын. Біздің әйелдер ешқашан оны кимеген, жүздерін жасырмаған» деген.

Мира Мырзабаеваның мұсылман әйелдерге арналған киім үлгілері:

Мұсылман әйелдерге арналған киім үлгілері
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:08 0:00

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG