АҚШ президенті Барак Обама БҰҰ Бас ассамблеясының ашылуында сөз сөйлеп, мұсылмандар наразылығын тудырған фильмге байланысты пікір білдірді.
- Мен Құрама Штаттар үкіметінің бұл видеоға еш қатысы жоқ екенін және ол видеоны адамзаттың ортақ құндылықтарын құрметтейтіндердің барлығы қабылдай алмайтынын нақтылап айтқанмын, - деп мәлімдеді АҚШ президенті Барак Обама 2012 жылы қыркүйектің 25-і күні БҰҰ Бас ассамблеясының ашылуында.
Алайда фильмге қатысты наразылықтың саяси науқанға айналғанын да атап өткен Обама "АҚШ-қа, Батыс елдеріне немесе Израильге деген өшпенділікті саяси ұстаным ретінде пайдаланатындарды оқшаулайтын кез келді" деді. Ол өткен екі апта бойы жалғасқан наразылық шараларында өз еліне ғана емес, БҰҰ жариялаған құндылықтарға да шабуыл жасалғанын айтты.
Обаманың айтуынша, мұсылман елдерінде наразылық тудырған бұл фильм "мұсылмандарды ғана емес, Американы да масқаралайды".
Кейбір елдердегі мұсылмандардың наразылығын тудырып отырған «Мұсылмандар пәктігі» деп аталатын фильм Мұхаммед пайғамбар мен ислам дінін әжуалайды.
Барак Обама БҰҰ Бас ассамблеясының ашылуында сөйлеген кезінде "Сирия президенті Башар Асадтың режимі құлау керек" екенін де айтып, Иранды "оны қолдап отыр" деп айыптады. "Иранның ядролық бағдарламасын дипломатиялық жолмен шешуді ұзарта беруге БҰҰ-ның уақыты аз" деді АҚШ президенті.