Қазақстандық ақпарат құралдары қыркүйектің 12-сі күні Өзбекстанның Ташкент облысы Жоғарғы Шыршық ауданындағы қазақтар тұратын Қытайтепе ауылы бұзылып жатыр деп хабарлаған еді.
«ЕШКІМ ДАЛАДА ҚАЛҒАН ЖОҚ»
Қытайтепе ауылына барған азамат, Өзбекстандағы «Эзгулик» ұйымы мүшесі Абдурахмон Ташановтың сөзінше, «ауылда Ташкент-Чорвоқ көлік жолы маңында тұрған үйлер бұзылған, үкімет өкілдері ол үйлердің бұзылғаны абаттандыру шарасына байланысты екенін айтқан». Оның сөзінше, үйлері сүрілген жұрттың арасында қазақтар да, өзбек отбасылары да бар.
– Мен сөйлескен адамдардың арасында ескі үйі бұзылып, жаңа үйге ие болатынына қуанған адамдар да бар. Өтемақыға наразы болып, шағымданғандар да бар. Кейбір отбасының далада тігілген шатырда тұрып жатқанын да көрдім, – деді Абдурахмон Ташанов Азаттыққа.
Жоғарғы Шыршық ауданы әкімшілігінің аты-жөнін айтпаған қызметкерінің дерегінше, үйлері бұзылған тұрғындарға өтемақы мен жер берілген.
– Олардың көбі әлдеқашан үйлі-жайлы болып кеткен. Ешкім далада қалған жоқ. Кейбірі шатырда тұрып жатса, олар үй құрылысы аяқталуын күткен тұрғындар болар. Үйі бұзылған әрбір отбасыға 50-60 миллион сом (23-28 мың АҚШ доллары шамасында – ред.) берілді, – деді әкімшілік қызметкері Азаттыққа.
Азаттық Қытайтепедегі оқиғаға байланысты пікірін білмек болып, Қазақстанның Ташкенттегі елшілігіне телефон соққан еді. Елшіліктің өзін Ербол деп таныстырған қызметкері бұл оқиғадан хабарсыз екенін айтты.
Өзбекстанда соңғы жылдары қалалар мен аудан орталықтарын абаттандыру мақсатында ескі үйлерді бұзу науқаны жүріп жатыр.
ВИДЕО: Қытайтепе ауылындағы үй бұзу науқаны