Қазақ-өзбек шекарасында нетбугынан «діни-экстремистік сипаттағы файлдар табылды» деп айыпталған Қазақстан азаматы бес жылға сотталды.
Өзбекстанның Ташкент облысы Кибрай аудандық соты шілденің 23-і күні кешке Қазақстан азаматы Ермек Қосмағамбетовті бес жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі қамау колониясында өтеуге үкім шығарғаны туралы Азаттыққа сейсенбі күні оның құрбысы Ақмарал Шәкірова хабарлады.
Сотқа Ақмарал Шәкіровамен бірге Ермектің әкесі және Қазақстан елшілігінің өкілдері де қатысқан.
- Судья Өзбекстан қылмыстық заңында Ермекке айып тағылған бапта көзделген жазаның ең азын белгіледі, - деді Ақмарал Шәкірова. Ол адвокаттың сот үкімімен келіспей апелляциялық шағым бермекші екенін айтты.
Ақмарал Шәкірованың сөзінше, туыстары Ермектің босап шығуына әлі үмітті.
- Тамыз айының соңында Өзбекстанда амнистия жарияланып қалуы ықтимал, егер жарияланса, оған Ермек те ілініп қалар деп үміттенеміз, - деді ол.
Биылғы наурыздың 17-сі күні Өзбекстан кеденшілері «Майский» шекара постында Ермек Қосмағамбетов пен Ақмарал Шәкірова екеуін тұтқындаған еді. Қосмағамбетовтың нетбугынан «діни-экстермистік сипаттағы файлдар табылды» деп хабарланған.
Бұл іске қатысты алғашқы сот отырысы шілденің 4-інде өтіп, оған Ермек Қосмағамбетовтың өзбекстандық адвокаты мен консул Төлеуғазы Ұйқымбаев қатысқан. Ақмарал Шәкірованың айтуынша «10-ақ минутқа созылған процесс негізінен тараптарды іспен таныстыру мақсатында өткен».
Өзбекстан билігі 27 жастағы Қазақстан азаматы Ермек Қосмағамбетовке «шекарадан діни экстремизмді насихаттайтын бейнематериалдарды алып өтпек болды» деген айып таққан еді. Осыған байланысты елдің қылмыстық кодексінің 246-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
Ақмарал Шәкірованың айтуынша, «бұл бейнероликтерді өзбек полицейлері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Майский» бекетінен өтпек болған кезде тауып, соның негізінде қамап тастаған».
Ақмарал Шәкірова нетбук басқа адамдікі болғандықтан оның ішінде діни мазмұндағы материалдар барын білмегендерін, ол «діни материалдарды» экстремистік деп сипаттауға келмейтінін айтады.