Шілденің 9-ы күні экстремизм бойынша айыпталған Ермек Қосмағамбетовтың туыстары Өзбекстанға жол жүріп кетті. Олар көрші елдің Ташкент облысындағы Кибрай ауданында басталған сотқа қатыспақ.
- Бүгін кешке жүрейін деп отырмыз. Шілденің 11-інде екінші сот отырысы өтеді. Мен оған куәгер ретінде шақыртылып отырмын. Ал Ермектің әкесі ұлын көру мақсатында бара жатыр, - деді шілденің 9-ында Азаттық тілшісімен сөйлескен айыпталушының құрбысы Ақмарал Шәкірова.
Биылғы наурыздың 17-сі күні Өзбекстан кеденшілері «Майский» шекара постында Ермек Қосмағамбетов пен Ақмарал Шәкірова екеуін тұтқындаған еді. Қосмағамбетовтың нетбугынан «діни-экстермистік сипаттағы файладар табылды» деп хабарланған. Шәкірова абақтыдан босатылғанымен, Қосмағамбетов әлі қамауда. Сұхбаттасымыздың сөзінше, «Ермекке тек адвокаты ғана кіре алады, ал туыстарына кездесуге рұқсат жоқ».
«РАҚЫМШЫЛЫҚҚА ІЛІНУІ МҮМКІН»
- Маусымның 7-сі күні елшінің орынбасары кіріп, Ермекті көріп шықты. Жағдайы жаман емес дейді. Ал өзгелерімізді кездестірмейді. Адвокатымыздың айтуынша, Ермекке тағылған бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін жаза қарастырылған. Дегенмен рақымшылыққа ілініп, қыркүйекте босатылуы да ықтимал. Ал мен үшін сот залынан ең болмаса шартты жазамен босатылса, үлкен жеңіс болар еді, - деді Шәкірова.
Бұл іске қатысты алғашқы сот отырысы шілденің 4-інде өткен, оған Ермек Қосмағамбетовтың өзбекстандық адвокаты мен консул Төлеуғазы Ұйқымбаев қатысқан. «10-ақ минутқа созылған процесс негізінен тараптарды таныстыру мақсатында өткен» дейді Ақмарал Шәкірова.
Бұдан бөлек, шілденің 9-ы күні Астанада сыртқы істер министрлігінің брифингі өтті.
- Сот отырысы өзбек тілінде жүргізілуде, алайда ұсталған Қазақстан азаматына арнайы дипломы бар аудармашы берілген. Кезекті сот отырысы Ермек Қосмағамбетовтің туыстары, жақындары мен куәгерлердің қатысуымен 2012 жылдың 11 шілдесіне белгіленген. Біз аталған мәселені мұқият қадағалап, барлық қажетті іс-шаралар бойынша көмек көрсетудеміз, - деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев.
ДАУЛЫ ФАЙЛДАР
Өзбекстан 27 жастағы Қазақстан азаматы Ермек Қосмағамбетовке «шекарадан діни экстремизмді насихаттайтын бейнематериалдарды алып өтпек болды» деген айып таққан. Ақпарат бойынша, Өзбекстан республикасының қылмыстық кодексінің 246-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл айыптың тағылуына нетбуктағы діни мазмұндағы бейнероликтер себеп болған.
Ақмарал Шәкірованың айтуынша, «бұл бейнероликтерді өзбек полицейлері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Майский» бекетінен өтпек болған кезде тауып, соның негізінде қамап тастаған».
Ақмарал Шәкірова нетбук басқа адамдікі болғандықтан оның ішінде діни мазмұндағы материалдар барын білмегендерін, ол «діни материалдарды» экстремистік деуге келмейтінін айтады.
- Бекетте олар біздің көзімізше бір роликті ашты. Әдемі музыкасы бар, жарқыраған күмбездері бар, әдемі ролик шықты. Мәтін сыртынан баяндап отырған ер адамның даусы «мұсылман», «ислам» ұғымдарына анықтама беріп жатты. Екінші ролик Мәскеудегі орталық мешітте орыс ұлты өкілдерінің өз еріктерімен исламға кіріп жатқаны туралы екен, - деді Ақмарал Шәкірова.
Азаттық тілшісі нетбуктің иесі, Ермек Қосмағамбетовтың туысы Динара Құдабаеваға хабарласқанында, ол да нетбукта діни мазмұндағы бейнероликтер бар екенін білмейтінін айтты. Оның айтуынша, бұл нетбукты 2010 жылдың аяғында қолдан сатып алған, оны тек жұмыста ғана қолданған, ішін мұқият тексермеген.