- Біз бұл азаматтың не себепті ұсталғанын анықтау үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырып жатырмыз, қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Ермек Қосмағамбетовтың ата-аналарына қажетті көмек көрсетіп, адвокат табуына жәрдемдестік. Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Өзбек тарапынан хабар күтпей-ақ, наурыздың 28-і күні Қазақстан елшілігі атынан арнайы нота жібердік. Біздің қызметкерлер тергеушілермен де кездесті. Сәуірдің 9-ы адвокат қамауда отырған қазақстандықпен кездесті, - дейді Алтай Абибуллаев.
Ермек Қосмағамбетовтің анасы Нұрсұлу Қосмағамбетованың айтуынша, баласының құқығын қазір өзбек адвокаты Замиш Жураевич қорғап жатыр (Ермектің анасы «Жураевич» адвокаттың фамилиясы ма, әкесінің аты ма - білмейтінін айтты - ред.). Өзбекстанның құқықтық жүйесін жақсы білетін адвокатты жалдауға қазақстандық мамандар кеңес берген.
Нұрсұлу Қосмағамбетова осы адвокат арқылы сәуірдің 9-ында баласына қажетті киім-кешек, азық-түлік беріп жіберіпті.
«БҰРЫНҒЫ АУРУЫ ҚОЗА БАСТАДЫ»
Нұрсұлу Қосмағамбетова ұлының бұрынғы өкпе ауруының қайта қоза бастағанына алаңдап отыр.
- Бұл аурумен бала кезінде ауырған еді. Арнайы есепте де болған. Кейін бұл тіркеуден шығарылған. Бұрынғы сырқаты қайта қоза бастағанын айтқан кезде өзбек жағы сенбей, анықтама сұрапты. Анықтаманы жібердім. Ол құжаттың қаншалықты көмектескенін білмеймін. Адвокаттың айтуынша, шамалы жағдайын жақсартқан. Шынымды айтсам, қандай жағдай жасағандарын білмеймін, - дейді ол.
Өзбекстан 27 жастағы Қазақстан азаматы Ермек Қосмағамбетовке «шекарадан діни экстремизмді насихаттайтын бейнематериалдарды алып өтпек болды» деген айып таққан. Ақпарат бойынша, Өзбекстан Республикасының қылмыстық кодексінің 246-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Өткен аптада Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген айыпталушының жақын досы, ұсталған кезінде оның қасында болған Ақмарал Шәкірова бұл айыптың тағылуына «нетбуктағы ешкімге зияны жоқ діни мазмұндағы бейнероликтер» себеп болғанын айтқан.
Ақмарал Шәкірованың айтуынша, «бұл бейнероликтерді өзбек полицейлері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Майский» бекетінен өтпек болған кезде (2012 жылы наурыздың 16-сында) тауып, соның негізінде қамап тастаған».
Ақмарал Шәкірова «нетбук басқа адамдікі болғандықтан оның ішінде діни мазмұндағы материалдар барын білмегендерін, ол «діни материалдарды» эстремистік деуге келмейтінін» айтты.
- Бекетте олар біздің көзімізше бір роликті ашты. Әдемі музыкасы бар, жарқыраған күмбездері бар, әдемі ролик шықты. Мәтін сыртынан баяндап отырған ер адамның даусы «мұсылман», «ислам» ұғымдарына анықтама беріп жатты. Екінші ролик Мәскеудегі орталық мешітте орыс ұлты өкілдерінің өз еріктерімен исламға келіп жатқаны туралы екен, - дейді Ақмарал Шәкірова.
Оның айтуынша, әуелі екеуін де қатар қамаған, үш күннен кейін Ақмарал Шәкірованы жіберген. Ал наурыздың 30-ы Ташкенттегі облыстық сот Қосмағамбетовты тергеуге қамау туралы шешім шығарған.
Туыстары «Ермек алғашында қазақстандық адвокат жалдаған еді» дейді. Өзбекстан билігі ол адвокатпен кездесуге тек 12 күннен кейін ғана рұқсат беріпті.
Нетбуктің иесі, Ермек Қосмағамбетовтың туысы Динара Құдабаеваға хабарласқанымызда, ол да нетбукта діни мазмұндағы бейнероликтер бар екенін білмейтінін айтты. Оның айтуынша, бұл нетбукты 2010 жылдың аяғында қолдан сатып алған, оны тек жұмыста ғана қолданған, ішін мұқият тексермеген.
Сәуірдің 12-сі күні Ермек Қосмағамбетовтің адвокаты мен Өзбекстанның құқық қорғау органдарына хабарласуға тырысқанымызбен жауап ала алмадық.