Алматы маңындағы Үлкен Алматы сайында қазіргі заман өнері көрмесі ашылды. Теңіз деңгейінен 2300 метр биікте ашылған, үш апта бойы өтетін көрмеге қазақстандық тоғыз суретшінің туындылары қойылған. Көрмені ЮНЕСКО-ның «Адам мен биосфера» бағдарламасының қазақстандық ұлттық комитеті ұйымдастырған, оған «Сорос – Қазақстан» қоры қаржылай көмек көрсеткен.