Жыл басынан бері инвесторлар экономикасы шатқаяқтап, саяси наразылық күшейген дамушы елдерден кетіп жатыр. Мұндай қиындық барлық дамушы елдерді шарпымағанымен, өте кең тарап, ғаламдық құбылысқа айналды.
Өткен аптада бұл сөзге дәлел болар жайттар көп болды. Қаңтардың 24-інде Ресей рублінің АҚШ долларына шаққандағы бағамы соңғы бес жылдағы ең төмен деңгейге дейін құлдырады. Оңтүстік Африка рэндының құны 2008 жылғы қазаннан бері болмаған деңгейге төмен түсті. Дамушы елдер валюталарының ішіндегі ең мықтысы саналатын Мексика песосы да маусым айынан бері бұрын болмаған шамаға арзандады.
ПРОБЛЕМА СЕБЕБІ
Лондондағы Capital Economics зерттеу ұйымының дамушы елдер бойынша сарапшы экономисі Нейл Шеринг ивесторлардың сенімін азайтуына себепкер болған екі мәселені атап көрсетті.
– Бірінші – Қытай экономикасының алған бағыты және оның қиындыққа ұшырауы турасындағы үрей. Екінші – инвесторлардың АҚШ федералдық резерв жүйесі қатаң монетарлық саясатқа көше бастағанына ерекше назар аударуы, - дейді ол.
Көптеген дамушы елдердің экономикасын алға сүйреп келе жатқан Қытай желтоқсан айында экономикалық өсімнің жоспардағыдан төмен болғанын хабарлаған соң Қытайдың экономикасына қатысты қобалжу өршіп кетті. Азияның түкпір-түкпірінде қаражаттары бар халықаралық инвесторлар бұдан секем алып, акцияларын сатып, жергілікті валютадан бас тарту арқылы капиталдарынан құтыла бастады.
Ал АҚШ федералдық резерв жүйесі Америка экономикасына ақша салатын «оңалту» саясатын тоқтатып, шығындарды азайтатынын мәлімдеді. Бұл қаржы тек АҚШ экономикасына ғана емес, дамушы елдердің экономикасына да үлес қосып келген. Халықаралық инвесторлар осы себептен Түркия, Бразилия, Үндістан, Оңтүстік Африка, Индонезия сияқты шетелдік арзан несиенің есебінен бюджет дефицитін жауып отырған елдерде жағдай ушығып кете ме деп алаңдайды.
ІШКІ ЖАҒДАЙ
Кейбір елдерде экономиканың әлсіреуіне ғаламдық факторлардан гөрі ішкі жағдай көбірек әсер етіп отыр.
– Барлық дамушы елдерді сөз еткенде олардың экономикасы мен әлсіз тұстарын қаперге алу керек. Мәселен, Ресейдің басты мәселесі – федералдық резерв қорының шығынды азайтуы емес, дамудың жаңа көздерін табудағы қиындықтар, - дейді Шелинг.
Ресейдің экономикалық даму министрі Алекесей Улюкаев экономикалық жағдай нашарлауы мүмкін деген мәлімдеме жасаған жыл басынан бері рубль 10 пайызға арзандаған.
Түркияның проблемасы басқа. Премьер Режеп Тайып Ердоғанның жақын серіктерінің жемқорлыққа қатысы болды деген айыптаулар елдің үкіметке деген сенімін азайтып, соның кесірінен лира 20 пайызға арзандады.
Украинаның ахуалы мүлде өзгеше. Желтоқсанның басынан бері гривна үш пайызға арзандаған. Үкіметтің Еуропа Одағымен ынтымақтастық шартына қол қоюдан бас тартқан шешіміне наразы жұрттың демонстрациялары тоқтамай жатыр, ал орталық банк түрлі себептермен экономикаға аздап жан бітіреміз бе деп ұлттық валютаны девальвациялап келеді.
ҮМІТ ПЕН КҮДІК
Ұлттық валюталары құнын жоғалтып жатқан дамушы елдер бұдан біраз пайда табуы мүмкін, себебі олардың экспортқа шығатын тауарлары арзандап, экономиканы оңалтуға мүмкін береді. Түркияның болат экспорты арзан лираның арқасында біраз пайдаға кенелді. Тағы бір ірі болат экспорттаушы ел – Украина да гривнаны арзандату арқылы экспортты арттыруды жоспарлап отыр.
Бірақ бұл дағдарыс кейбір дамушы елдердің экономикасына үлкен зардабын тигізуі ықтимал. Бюджет дефициті асқынып кеткен елдер тағы да несие алуға немесе жаңа кіріс көздерін іздеуге кіріседі, не тұрақтылықты сақтау үшін бюджетті үнемдеу саясатын қолға алып, халықтың наразылығын туғызуы мүмкін.
Көп нәрсе Батыс елдеріндегі экономикалық жағдайдың қалай өзгеретініне байланысты болмақ. Ғаламдық экономикалық дағдарыстан оңалып келе жатқан Батыс елдері дамушы елдерден арзан экспорттық материалдарды көптеп сатып алып, олардың қаржылық дефицитін азайтып, шетелдік капиталға тәуелділігін бәсеңдете ме деген үміт бар.
БҰҒАН ДЕЙІНГІ ДАҒДАРЫСТАР
1997 жылғы Азиядағы экономикалық дағдарыс кезінде және одан соң 1998 жылы болған Ресейдегі қаржы дағдарысы кезінде дәл осындай жағдай көп елдердің басынан өткен.
Қазіргі кездегі сияқты Азиядағы қаржы дағдарысы да АҚШ қаржылық институттарының несие беру саясатының өзгеруі кесірінен болған. Соның кесірінен Азия елдерінің экономикасы құлдырап кеткен.
Бұл өз кезегінде Азия елдерінің шикі мұнай мен металға деген сұранысын азайтып, Ресейдің экспортын кемітті, бұл жағдай Ресей рубліне соққы болып тиді. 1998 жылы Ресей үкіметі рубльді девальвациялап, ішкі қарыздар бойынша дефолт жариялады және шетелдік кредиторларға ақша төлеуге мораторий жариялады.
Дамушы елдер мұндай ауыр жағдайға қайта тап болатындай жағдайда емес. Бірақ 1997 жылғы Азиядағы қаржы дағдарысы мен қазіргі экономикалық өзгерістер себептері әртүрлі болғанымен, әлемнің бір бөлігіндегі қиындықтар басқа аймаққа қаншалық кесірін тигізе алатынын тағы бір мәрте дәлелдеп берді.
Азаттық тілшісі Чарльз Рекнагельдің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.