Accessibility links

Украина: Ресейлік журналист Бабченко тірі


Аркадий Бабченко (ортада) Киевтегі баспасөз мәслихатында тұр. 30 мамыр 2018 жыл.
Аркадий Бабченко (ортада) Киевтегі баспасөз мәслихатында тұр. 30 мамыр 2018 жыл.

Украина арнайы қызметі ресейлік журналист Аркадий Бабченконың өлімі қолдан ұйымдастырылғанын хабарлады. Арнайы қызмет ұйымдастырған баспасөз мәслихатына Бабченконың өзі де қатысты.

"БАСҚА АМАЛ БОЛМАДЫ, КЕШІРІҢІЗДЕР"

Баспасөз мәслихатына келген Бабченко әріптестерінен және отбасынан кешірім сұрады.

"Әріптестеріңізді жерлеу жаман сезім екенін білемін. Бірақ осылай жасау керек болды. Кешіріңіздер. Әйелімнен осы тозақ үшін кешірім сұраймын. Олечка, кешір мені, менде басқа амал болмады" деді Бабченко.

Ресейлік журналист Украина қауіпсіздік қызметіне өмірін құтқарғаны үшін алғыс айтты.

"Маған белгілісі, бұл операция екі ай дайындалды. Маған бұл жоспарды бір ай бұрын айтты. Жігіттердің қалай жұмыс істегенін көрдім. Барын салды. Бір ай бойы байланысып тұрдық. Барлық дайындықтың нәтижесі осы арнайы операция болды. Бастысы, қастандық жасамақ болған адам ұсталды. Қылмыс жүзеге аспады. Дәлел қолымызда бар. Бастысы, мен аманмын. Тағы да алғыс айтамын" деді журналист.

Бабченконың баспасөз мәслихатында айтқаны.

Бабченко: Басқа амал болмады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00

Бабченконың сөзінше, Украина қауіпсіздік қызметі оған қастандық туралы айтып, дәлелдер көрсеткен. Украина тарабының хабарлауынша, "Ресей қауіпсіздік қызметі Бабченконы өлтіру үшін 30 мың долларға адам жалдаған".

"Мені 30 мың долларға бағалапты. Демек, мен біраз қымбатырақ тұрады екенмін. Менде операциядан бас тартуға таңдау болған жоқ. Операцияны жедел ұйымдастыру үшін "қолымды сындырып алдым" деп өтірік айтуға тура келді. Тапсырыс беруші тарап та асықты. Бұл тапсырысты орындауға үш апта уақыт берген сияқты. Чемпиондар лигасының финалына (26 мамырда Киевте өткен футбол матчы - ред) дайындаған сияқты" дейді журналист.

Қастандыққа тапсырыс Ресейден түскен және операцияға 40 мың доллар бөлінген. 10 мың долларды делдал алған.

Киевтің мәлімдеуінше, тапсырысты орындауға Украина азаматын жалдаған. Украина қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары Василий Грицактың айтуынша, "қастандыққа тапсырыс Ресейден түскен және операцияға 40 мың доллар бөлінген. 10 мың долларды делдал алған".

Баспасөз мәслихаты кезінде Грицак ақша беру сәті мен делдалдың ұсталған кезінде түсірілген видеоны көрсетті. Киев "тапсырысты Ресей қауіпсіздік қызметі берді" деп айыптайды.

"Бабченкоға қастандық - Ресей қауіпсіздік қызметінің саяси көзқарастарына байланысты елден кеткен азаматтардың көзін жою үшін жасаған бір ғана терактісі" деді Грицак.

Мамырдың 30-ы күні түсте Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров кісі қолынан қаза тапқан "ресейлік журналист Аркадий Бабченко өлімінің артында Мәскеу тұр" делінген Украина мәлімдемесін жоққа шығарған.

ҚОЛДАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОПЕРАЦИЯ

Мамырдың 29-ы күні Украина полициясы "Бабченконы Киевтегі үйінде атып кетті. Журналист жедел жәрдем көлігінде қаза тапты" деп хабарлаған. Қауіпсіздік қызметкерлері оқиға болған жерден Макаров тапаншасының оқтарын тапқанын айтқан.

Украина ұлттық полициясының басшысы Сергей Князов "қастандықты машықтанған адам жасаған. Журналисті өлтіру операциясын бір топ адам ұйымдастырған" деп айтқан.

Аркадий Бабченко Киевтегі баспасөз мәслихатында. 30 мамыр 2018 жыл.
Аркадий Бабченко Киевтегі баспасөз мәслихатында. 30 мамыр 2018 жыл.

Аркадий Бабченко Ресейден 2017 жылы ақпанда кеткен. Содан бірнеше ай бұрын ол Ресей қорғаныс министрлігінің Сирияға ресейлік әскерилер, журналистер мен Александров атындағы ансамбль мүшелерін апара жатқанда құлаған Ту-154 ұшағы апатына қайғырмайтынын айтқан. Бұдан соң Ресейде Бабченконы азаматтықтан айыруға шақырып қол жинау басталған.

2016 жылы Украина полициясы одессалық прокурор Александр Погорелов өлімін қолдан ұйымдастырып, киллер мен делдалды ұстаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG