«Корольдің оралуы: 1839-1842 жылғы Ауғанстан үшін шайқас» атты кітап – Ауғанстан тарихының маңызды кезеңіне шолу жасап, болашаққа тәлім беруді мақсат еткен еңбек. Кітап авторы, шотландтық тарихшы және жазушы Уильям Дарлимпл Азаттық тілшісіне сұхбат берді.
– Жақында жарық көрген «Корольдің оралуы» атты шығармаңыз туралы айтып өтіңізші.
– «Корольдің оралуы» ағылшындардың Ауғанстанға алғаш рет шабуылдауына арналған кітап. 1839 жылы Ост-Үнді компаниясы мен британ әскері (18 мың адам) Болан мен Ходжак асуы арқылы өтіп, Ауғанстанды басып алды. Олар билікке Шуджа әл-Мулук шахты (тұңғыш Ауған империясының алғашқы билеушісі Ахмад Шах Дурранидың немересі) отырғызып, Дост Мухаммед ханды орнынан тайдырды. Британдықтар «Дост-Мухаммед патшалық Ресеймен ымыра болып жүр» деп ойлады.
– Алғашқы ауған-ағылшын соғысының мәні қандай? Ол қалай басталды, негізгі оқиғалары қандай және ақыры кім жеңді?
– Өткен оқиғаны қысқа қайырып баяндасақ, 18 мың әскер Ауғанстанға келіп кірді. Олар қуыршақ король Шуджа шахты таққа отырғызды. Бір жарым жылдай елде бүлік болды, ақыры ағылшындар тас-талқан болып жеңілді. Олар елдегі көтеріліске мүлдем дайындықсыз болып шықты. Ауғандар оларды тез қоршап алады. Екі жетекшісі өлтіріледі. Сосын ағылшындарға Үндістанға қайтар жолда тиіспейміз деп уәде берді. Шегінген ағылшындардың 18 мың адамы Кабул қаласынан шықты: оның ішінде әйелдер мен балалар да болды. Олардың ішінен тек бір адам, дәрігер Брайдон ғана аман қалып, Жалалабад әскери қалашығына жетті.
– Ауғандар Бірінші ағылшын-ауған соғысын қалай бағалайды?
– Ауғандар оны үлкен ұлт-азаттық күрес деп біледі. Британия үшін Ватерлоо мен мен Трафальгар шайқасы, ирландықтар үшін Пасха көтерілісі, үнділер үшін Ганди мен азаттық күресі қандай болса, ауғандар үшін Ағылшын соғысы сондай маңызды. Олардың ұлы жеңіс санайтын себебі – олар британдықтардың дәуірлеп тұрған шағында жазасын берді. Сондықтан әр ауған оны мақтанышпен еске алады. Кабулдың дипломатиялық ауданы Вазир Акбар хан деп аталады. Ол (ағылшындарға қарсы күресте) Баракзайдың көшбасшысы болған.
– 160 жыл бұрын болған соғысты зерттей келе қазіргі Ауғанстанның деңгейі туралы қандай ой түйдіңіз?
– Осы күнгі Fox News-тің сауатсыз комментаторлары америкалықтарға қарсы шыққандардың бәрін «тәліптер, әсіредіншілдер» деп ойлайды. Сол кездегі британдықтар да сақалды ауғандарды көріп, олардың бәрін діни фанаттардың қатарына қосқан. Бірақ ауған деректеріне сүйенсек, олардың өзіндік мақсаты, қолдарына қару алған себебі болғанын көреміз. Сондықтан қазір Ауғанстанда жұмыс істейтін жақсы журналист әр оқиғаның астарын түсіндіріп бере алады.
– Қазіргі кезде Бірінші ағылшын-ауған соғысынан сабақ алу қаншалықты өзекті?
– Ең басты сабақ – Ауғанстанға өзін-өзі оққа байлаған адам соқтығады. Ауғандар – өз тәуелсіздігін қасық қаны қалғанша қорғайтын халық. Ауғанстанға шабуылдау аса қымбатқа түседі, бұл фактор әлі жете бағаланған жоқ. Ауғандардың батыл жауынгер екені бәріне белгілі. Ауғанстанды басып алудың ақыры ол істің құнын ақтамайды. «Ауғандар жеңілмейді» деген жалған сөз – егер жеткілікті қаржы мен әскер салсаңыз, оларды бағындыруға болады. Бірақ ол үшін әр алқапқа бір гарнизон, мыңдаған әскер апарып қоюыңыз керек. Ол – өте тиімсіз іс.
Ауғандар Ост-Үнді компаниясын қиратты, 1970-80 жылдары Совет Одағының бетін қайтарды. Ауғанстанға шабуылдаймыз деп Совет үкіметі экономикалық шығын шекті. Ақырында ол америкалық төлем балансын күйретті. Ауғанстанға аз уақыт көңіл бөлген Америка қомақты қаржысынан қағылды.
– Бірінші ауған-ағылшын соғысы Ауғанстанның болашағына қаншалықты сабақ болады?
– Ауғанстан – билегісі келгендерге көнбейтін ел. Онда әртүрлі этникалық топтар бар. Елдің географиясы бір орталыққа бағынған үкімет құруға мүмкіндік бермейді. Ауғанстан тарихына көз жіберсек, оның күшті орталыққа бағынған ел болған кезі өте сирек екенін байқаймыз. Ауғанстан үнемі шашыраңқы, ортақ билеушіге бағына бермейтін ел болып келеді. Пуштундар айтпақшы, «әр ауған – бір-бір хан».
Алдағы бірнеше жылда Кабул қазіргідей шеткері аймақтағы ауғандардың орталығы болуды тоқтатады, билікке қайтадан шашыраңқы күйге көшеді. Елді тағы бір қантөгіс күтіп тұр ма деп қорқамын. Тағы да дала командирлері пайда болуы мүмкін. Бұл елде болашаққа үмітпен қарайтын адамдар аз сияқты.
– Сұхбатыңызға рахмет.
Мақаланы ағылшын тілінен Динара Мәзен аударды.

Елдің географиясы бір орталыққа бағынған үкімет құруға мүмкіндік бермейді.