Қытай президенті Си Цзиньпин осы аптада Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммиті қарсаңында Орталық Азия елдерімен экономикалық байланыстарын нығайтуға кірісті.
Қыркүйектің 13-інде өтетін саммит барысында аймақтағы елдердің басшыларымен кездесуге мүмкіндігі болатынын біле тұра, Қытай басшысы Орталық Азиямен экономикалық байланыстарды нығайтуды ол жиыннан бұрын талқылаған жөн деп тапқан.
Си Цзиньпин Орталық Азиядағы төрт елге барып, энергия жайлы әрқайсысы миллиардтаған доллар тұратын екіжақты келісім-шарттарға қол қойды.
ПЕКИННІҢ КӨЗДЕГЕНІ – ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚУАТ ҚОРЫ
Саммитке ШЫҰ-ға мүше алты елдің – Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстанның мемлекет басшылары жиналады. Ал Түркіменстан басшысы «арнайы шақырылған қонақ» деген мәртебемен келетін болды. Бұған қоса Иран, Пәкістан, Ауғанстан және Үндістан басшылары саммитке «бақылаушы» ретінде қатыспақ.
Бішкек саммитінің қарсаңында Қытай басшысының инфрақұрылымға қатысты келісімдерге қол қоюы мүше мемлекеттер арасында экономика және қауіпсіздік салаларындағы байланыстарды нығайту мақсатында 1996 жылы құрылған ШЫҰ аймақтағы сауда және инвестиция бойынша ынтымақтастықтың тұрақты форумына айнала алмағанын дәлелдейді.
АҚШ-тың Джорджтаун университетіндегі дипломатиялық қызмет мектебінің қытайтанушы профессоры Джеймс Рирдон-Андерсонның айтуынша, «ШЫҰ – пікірлесуге арналған мемлекетаралық форум, бірақ оның аймақ елдерімен арадағы екіжақты кездесулердей нәтижесі болмайды».
Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының сарапшысы Андрей Лукиннің айтуынша, ШЫҰ-ның экономикалық жетістіктерге жете алмауының себебі – ірі инфрақұрылым жобалары бойынша аймақтық қаржыландыру механизмдерінің жоқтығында. Аймақтық даму банкін құру туралы мәселе жылдар бойы талқыланып келе жатқанымен, ШЫҰ оны әлі іске асыра алмады.
Си Цзиньпин Орталық Азия елдерімен қол қойған жобаларды қаржыландыруға Қытай даму банкі сияқты Пекиннің мемлекеттік институттарынан қаражат бөлу жөнінде ұсыныс айтып жүр.
Пекиннің Орталық Азиядағы басты мақсаты – энергия шикізатына ие болу, минералдық ресурстарды Қытайға жеткізетін тасымал жолдарын салу.
Рирдон-Андерсонның айтуынша, Қытайдың бұл жоспары Ресеймен арада бақталастық тудырып отыр. Себебі Мәскеу Орталық Азияның, әсіресе аймақтағы ең ірі мұнай өндіруші ел Қазақстанның энергия шикізаты экспортынан айрылғысы келмейді.
– Ресей үшін ең бастысы – қазақ мұнайының қомақты бөлігін өзінде қалдырып, оны Қытаймен бөліспеу. Сонымен бірге бұл «шикізат Каспий арқылы Жерорта теңізі аймағына тікелей жөнелтілмесін» дегенді де білдіреді. Олар Қазақстанның мұнай құбырын бақылауға алғысы келеді, Қазақстанның Еуропа Одағымен тікелей саудаласа бастағанын қаламайды, – дейді сарапшы.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей және Қытай басшыларымен келіссөздер барысында екі ел арасындағы бақталастықты тиімді пайдалана білді.
Соның арқасында Си Цзиньпин Астанаға сапары кезінде Қазақстанның мұнай секторына кіру үшін миллиардтаған доллар қаражат бөлуге уағдаласты. Си Цзиньпинмен кездесуден соң Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың «Қазақстанға қажетті мұнай өңдеу зауытын салуға көмектесетінін», Астана мен Пекин ынтымақтастықтың «жаңа кезеңіне өткенін» айтты.
Си Цзиньпиннің сөзінше, «бұл келісім-шарттың арқасында Қытай Қазақстанның мұнай секторындағы ірі акционерге айналды». Қытай алып жоба – Қашаған кенішін игеріп жатқан компания акцияларының 8,33 пайызын иеленетін болды.
ҚЫТАЙ – ІРІ АКЦИОНЕР
Қытай басшысы Си Цзиньпин Орталық Азияға сапарын қыркүйектің 3-і күні Ашғабаттан бастады. Ол Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен табиғи газ тасымалдау келісіміне қол қойды. Бұл құжат бойынша, 2020 жылға қарай Түркіменстанның Қытайға газ экспорты екі есе ұлғаймақ. Осы келісім негізінде Қытай ұлттық мұнай корпорациясы Түркіменстанның ауған шекарасына жақын тұстағы Оңтүстік Йолотан кенішінде үш өндіріс нысанын салуға көмектесетін болды.
Қытай басшысы Ташкентке де барып, Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен қазіргі Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан мұнай құбырын Түркіменстанның Оңтүстік Йолотан кенішіне дейін созу туралы хаттамаға қол қойды.
Бұл құбырдың сыйымдылығы Түркіменстанда салынып жатқан үш газ құбырымен бірдей – жылына 30 миллиард текше метр газ тасымалдай алады.
Си Цзиньпин Қытайға Орталық Азиядан табиғи ресурстарды тасымалдау қарқынын арттыру үшін жаңа автокөлік жолдарын, теміржол желілерін салу туралы келісімдерге де қол қойды.
Ол қыркүйектің 11-і күні Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесу кезінде құны 3 миллиард доллар болатын инфрақұрылым жобалары жөніндегі келісімдерге қол қойды. Бұлардың арасында қосымша табиғи газ құбырларын тарту, Қырғызстанның оңтүстік және солтүстік аймақтарын қосатын жаңа жолдар салу, Бішкектің жылу жүйесін жетілдіру жобалары бар. Қытай басшысы қырғыз үкіметі өкілдерімен екі ел арасындағы ортақ шекара аймағында ынтымақтастықты нығайту мәселелерін де талқылаған.
Қытайлық сарапшылардың айтуынша, Пекин бұл аймақ арқылы есірткі тасымалдаушылар мен діни экстремистер өтуінен, ұйғыр сепаратизмінің дендеп енуінен қорқады.
НАТО-ның Орталық Азиядағы тасымал дәліздерін жауып, 2014 жылдың соңына қарай Ауғанстаннан біржола кету жоспары аймақтық қауіпсіздікке қатысты уайымды ұлғайтты.
Бұл жайттар ШЫҰ аясында қауіпсіздікке байланысты ынтымақтастық мәселесі экономикалық даму мәселесінен маңызды Бішкек саммитінің күн тәртібін айқындап берді.
Рон Синовицтің мақаласын ағылшын тіліне аударған – Мұхтар Екей.

Ресей үшін ең бастысы – қазақ мұнайының қомақты бөлігін өзінде қалдырып, оны Қытаймен бөліспеу.