Екі тараптың ішкі күдігі толық сейілмесе де, экономикалық және геосаяси мүдделер – екі елдің тіл табысуына себепкер.
РЕСЕЙДІҢ МАҚСАТЫ
4300 шақырым ортақ шекарасы бар Қытай мен Ресей талайдан бері бір-біріне күмәнмен қарап келеді. Сарапшылар «Орталық Азияда көшбасшы болуға деген құштарлық олардың толық түсінісуіне кедергі келтіреді» дейді. Алайда экономикалық және геосаяси мүдделер (оның ішінде АҚШ қарсы тұру да бар) олардың бір бағытты ұстануына ықпал етеді.
Биыл наурыз айында, президент болып сайланған соң, Қытай басшысы Си Цзиньпин Мәскеуге келді. 2012 жылы билікке қайта оралған соң Батыстан бойын аулақ сала бастаған Ресей президенті Владимир Путин екеуі көптеген екіжақты келісімшарттарға қол қойды. Путин тіпті «екі елдің қарым-қатынасы ел тарихындағы ең жақсы деңгейде» деп мәлімдеді. Кейбір сарапшылар «орыс басшысы өзін экономикалық гүлдену мен адуынды биліктің баламасы санап масаттанды» дейді.
Сол жолы Ресейдің энергетикалық алыбы, мемлекетке қарайтын «Роснефть» компаниясы Қытаймен 270 миллиард доллардың келісімін жасасты. Оған сәйкес, Қытайға Ресейден мұнай тасымалдау екі есе артады. Бұл мұнай өндірісіндегі ең ірі келісімінің бірі болды. Мұнай бағасына келісе алмау кесірінен екі ел арасындағы бұрынғы шарттар нәтижелі болмаған еді.
Мәскеудегі жоғары экономика мектебінің Азияны зерттеу орталығының жетекшісі Алексей Масловтың айтуынша, жаңа келісімнің басты жетістігі – кедергіден өткені.
– «Роснефть ұсынған баға – әлемдік мұнай бағасынан әлдеқайда төмен. Ресей Қытайды жақсы, сыпайы әрі елгезек серіктес ретінде көргісі келеді. Жаңа досқа ие болу үшін ол экономикалық мүддесін кейінге ысырды, – дейді сарапшы.
ҚЫТАЙДЫҢ МҮДДЕСІ
«Еуропаның Ресей мұнайы мен газына тәуелді болмау үшін тырысып жатқан кезде, АҚШ-та энергетикалық серпіліс болуы мүмкін деп болжанған кезде Мәскеуге Пекинмен арадағы энергетикалық байланысы барыншы маңызды бола бастады.
Мұнай келісімі бойынша, Қытай Ресейге алдын ала 60-70 миллиард АҚШ долларын төлейді, ол қаржы «Роснефтьтің» қарызынан құтылуына септеседі. Компания бұған дейін, 2005 жылы бұрын Михаил Ходорковскийдің қарауында болған ЮКОС-тың негізгі филиалын өзіне алу үшін Қытайдан 6 миллиард доллар алған.
Қытайдың Ресейдегі мүддесі энергетика мен сауданы ғана қамтымайды. Өткен айда Пекин шетелмен бірлесіп ірі әскери оқу-жаттығу шараларын өткізіп, Пекин мен Мәскеудің әскери кемелері Жапон теңізінде күш біріктірді. Былтырғы жаттығулар аясы кеңейіп, әуе шабуылы мен кемеден қорғаныс, құрлық қарулары да қамтылды. Көптеген бақылаушылар бұл әскери ойындарды «шығыстағы әскери әдісін өзгертіп, Тынық мұхиттағы одақтастарына қарай бет бұрған АҚШ-қа белгі беру» деп қабылдады.
Шанхайдағы Фудань университетінің Ресей және Орталық Азияны зерттеу орталығының директоры Чжао Хуашэнь оқу-жаттығу «нақты қауіп төндіруді көздеген жоқ» дейді, бірақ екіжақты байланыстағы маңызын мойындады.
– Қытай мен Ресейдің бір-біріне сенімі уақыт өткен сайын күшейіп келеді. Соңғы әскери-теңіз жаттығуы – әскери байланыстың жалғасы. Бұл екі ел арасындағы барынша маңызды ынтымақтастық саласының бірі болды, – дейді ол.
Қытай мемлекеттік баспасөз құралдары «наурыздағы саммит нәтижесінде Пекин Ресейдің «Сухой Су-35» жойғыш ұшағының 24 данасын сатып алады» деген ақпарат тарады. Бірақ Ресей шенеуніктері «әлі келісім-шарт жасасқан жоқпыз» деп мәлімдеді. Іс нәтижелі болып жатса, екі елдің әскери қарым-қатынасқа дайын екені дәлелденеді. Соңғы жылдары Қытай зияткерлік меншік құқын бұзғандықтан, Ресей Қытайға қару тасымалдауды азайтқан еді.
Сарапшылардың көбі «Қытай мен Ресейдің мүдделері Батысқа толықтай қарсы одақ құруға кедергі келтірсе де, ол екеуі осы әрекеттеріне де разы» дейді. БҰҰ алдында бейтарап саясат ұстану туралы мәлімдеген бұл екі ел Сирия, Иран және Солтүстік Кореядағы операцияның әлсіреуіне жақтасты. «Екі елдің соңғы әрекеттері, америкалық тыңшы Эдвард Сноуденге қолдау білдіруі – Вашингтонның тәкаппар кеудесін басу үшін істелген шаралар» деп жазады The New York Times.
Қытай мен Ресей Аляскада америкалық тосқауылшы зымырандардың бар екеніне сенімсіздік танытты, сондай-ақ Батысқа қарайтын Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банкке бәсекелес болу үшін жаңа халықаралық несие мекемесін құру идеясын ұсынды.
«ЖАСАНДЫ, БІРАҚ ПАЙДАЛЫ ОДАҚТАСТЫҚ»
«Ресей қазір Қытайды стратегиялық әріптес ретінде қарастырып отыр. Екі жақ та ешқашанда АҚШ-қа қарсы бірлестік құру туралы айтқан емес, бірақ соған жуық қадамдар жасалып жатыр» дейді Мәскеудегі жоғары экономика мектебі Азияны зерттеу орталығының жетекшісі Алексей Маслов.
Ал Шанхайдағы Фудань университетінің Ресей және Орталық Азияны зерттеу орталығының директоры Чжао Хуашэнь «Ресей мен Қытайдың арасындағы ынтымақтастықтан Қытай көп пайда табады» деп үміттенеді.
Бұл байланыстың қаншалықты жемісті болары әлі белгісіз. Кей сарапшылар «энергия мен қару-жарақ саудасы туралы келісім жүзеге аспай қалуы мүмкін» дейді.
Мәскеу «Қытай халқының саны артып, Ресейдің халқы аз Қиыр Шығыс өлкесіне демографиялық қысым жасай ма» деп қорқады. Қытайдың «Оңтүстік-Қытай теңізін иеленсем» деген ниетін Ресей құптамайды. Ал Қытай Мәскеудің Грузияға тиесілі Абхазия мен Оңтүстік Осетияны бөліп әкеткенін мақұлдамайды.
Екі мемлекеттің келісімге келе алмайтын тағы бір мәселесі – Ресей әлі күнге дейін «таяу шетел» санайтын, ал Қытай экономикалық ықпалын жүргізіп отырған Орталық Азия аймағы. 2012 жылы Орталық Азияның Өзбекстаннан басқа елдері Мәскеуге қарағанда Пекинмен көбірек сауда байланысын орнатқан.
Сарапшылар Путиннің Еуразия экономикалық одағын құруға деген талпынысы аймақтағы Қытайдың экономикалық ықпалын шектеуге ұмтылу дейді. The New York Times газетіндегі мақаласында америкалық сарапшы Джеффри Манкофф Ресей-Қытай байланысын «саяси әдіске құрылған, шынайы емес» деп сипаттаса, соның өзі әжептәуір жемісті болуы мүмкін екенін айтады.
Ричард Солаштың мақаласын ағылшыннан аударған – Динара Әлімжан.