Екінші турдың соңғы ойыны Киевтегі "Олимпийский" стадионында өтті. Кездесудегі алғашқы голды ағылшын командасының капитаны Стивен Джеррадтың керемет пасынан кейін Кэрролл 23 минутта салды. Оның екі қорғаушының арасынан допқа бірінші жетіп қақпаға баспен шегелей соққан добын Еуродағы ең әдемі голдардың бірі десе болғандай.
Келесі голдың да авторы ағылшын футболшысы Джонсон болды, алайда ол оны 49 минутта өз қақпасына кіргізіп алды. Сөйтіп турнирдегі алғашқы автогол соғылды.
Екінші таймды белсендірек бастаған Швеция сапында Ибрагимовичтің шеберлігі анық байқалып тұрды. 59 минутта Мельберг есепті еселеп, шведтер алға шықты.
Англия құрамасының бас бапкері 60 минутта Милнердің орнына алаңға Уолкотты шығарды да, ағылшындардың ойыны түрленіп сала берді. 64 минутта Уолкотт алыстан гол соғып, 78 минутта Уэлбекке тамаша пас шығарды. Уэлбектің өкшемен соққан голы ағылшындарға жеңіс әперді.
Бұл ойынға словениялық арбитрлер Скомина, Архар, Станчин төрелік етті.
"ЕКЕУІ ҮШІН ДЕ ШЕШУШІ МАТЧ ЕДІ"
"Қаламгер-Медиа" орталығының директоры, жанкүйер Жанарбек Әшімжан бұл екі команданың да тағдырын шешетін ойын болған деді.
- Екі команда да бірден шабуылға көшті. Голдың да көп соғылуы осының айғағы болса керек. Жекелеген ойыншыларды атап өтетіндей ойын болған жоқ, себебі мұнда ұжымдық ойын ойналды. Британдық стильдегі кездесу болды. Бірақ Уолкотты ерекше айтуға болады, себебі ол команда жеңіліп тұрғанда есепті өзгертуге үлес қосты. Соңғы голға жеткізген шешуші пасты да сол берді. Ағылшындардың ең бір осал жері шабуылшы Уэйн Рунидың жоқтығы еді. Бүгін олар үш ұпайға қол жеткізді, келесі жолы Украинаға қарсы ойында сол шабуылшының көмегі тиері анық, - деді жанкүйер.
Маман «бірінші таймда командалар артқа қарайлап, сақтықпен ойнады» деді.
- Екінші таймда олар көбіне шабуылға мән беріп, қорғанысты ұмытып қалып жатты. Екі команданың да қақпашыларының осалдығын айту керек. Екі команда да қақпашылар дағдарысы бар секілді. Екінші таймда барлық ойыншылар шабуылға лап қойып бірден есепті өзгертуге тырысып жатты. Сондықтан да ойынның екінші жартысы алаң ортасында емес, айып алаңдары маңында өрбіді, - деді Жанарбек Әшімжан.
Ол ойын барысында ойыншылар тарапынан да төрешілік жағынан да ешқандай қателіктерді байқамағанын айтты.
"КЕРЕМЕТ СПЕКТАКЛЬ"
Футбол комментаторы Ермұхамед Мәулен «ойын жоғары дәрежеде өтті» деді.
- Жалпы Еуропа біріншілігі басталғалы бері мұндай ойын болған жоқ десем де болады. Өткендегі Украина мен Швеция арасындағы кездесу ғана дәл осындай қызық болған. Ұтылып жатып жігерлі жеңіске қол жеткізу арқылы жанкүйерлерге керемет спектакль жасады деп санаймын. Ағылшындар Франция құрамасынан еш кем емес екенін көрсетті. Олардың ұлттық құрамасы жақсы жасақталған, жастарды жақсы қосқан. Уолкотт пен Уэлбек ағылшын футболының болашағы. Бүгінгі ойында осы екеуінің рөлі жоғары болды, - деді ол.
Сарапшы ағылшын бапкері Рой Ходжтың ұтымды шешімдер жасағанын айтты. Ол «Кэрроллды ойынға қосу арқылы шведтерді дағдартып тастады» деп санайды.
Ермұхамед Мәулен, әсіресе, Уэлбекті атап өтіп, «Еуропада қазіргі уақытта мұндай жас, әрі мықты футболшыны көрмегенін» жеткізді.
- Уэлбек қазір өзін құрама қатарында жақсы көрсетіп жүр. Соңғы голды да сол соқты, еш асыққан да, сасқан да жоқ. Сонымен қатар ағылшындардың ойынында мінезі пайда болғаны байқалды. Олар ұтылып жатса да, жеңіске ұмтылды. Швеция да мықты команда еді, бірақ осы Еуропа біріншілігінде сәл нашарлау екені байқалып қалды. Меніңше, олардың қателігі Ибрагимовичті дұрыс пайдаланбауында. Оны жалғыз шабуылшы ретінде ойынға араластыру керек еді, ал қазір ол алаңда «еркін ойыншы» ретінде жартылай қорғаушы рөлін атқарып жүр. Бұл - Швеция құрамасының басты қателігі, - деді комментатор.
Ермұхамед Мәулен бұл ойында Швеция комнадасының тағдыры шешілді деп санайды.
- Енді Швецияда еш мүмкіндік жоқ. Енді тек Украина және Англия арасындағы кездесуді күтеміз. Топтан шығатын екінші команда сол ойында анықталады. Ал француздардың келесі кезеңге өтері сөзсіз, - деді ол.

Енді Швецияда еш мүмкіндік жоқ. Енді тек Украина және Англия арасындағы кездесуді күтеміз. Топтан шығатын екінші команда сол ойында анықталады. Ал француздардың келесі кезеңге өтері сөзсіз.