Accessibility links

Сотқа тартылу кезегі Тбилиси мэріне жетті


Тбилиси мэрі Гиги Угулава шерушілермен қақтығыс кезінде. Грузия, 8 ақпан 2013 жыл.
Тбилиси мэрі Гиги Угулава шерушілермен қақтығыс кезінде. Грузия, 8 ақпан 2013 жыл.

Грузиядағы сайлауда жеңіске жеткен «Грузия арманы» партиясы оппозиция мүшелерін жауапқа тарту әрекетін «әділеттік орнату» деп атайды.

«Ең алғаш рет халық сайлаған Тбилиси мэрі, Грузияның ең ықпалды саясаткерлерінің бірі Гиги Угулаваға бюджет қаражатын заңсыз иемденіп, ақша жасырған деген айып тағылды» деп бастайды автор Молли Корсо ақпанның 25-і күні жарық көрген мақаласын.

Басылымның жазуынша, «Президент Михаил Саакашвилимен ымыралас 37 жастағы мэр өзіне тағылған айыптың бәрін жоққа шығарғанымен, 23 ақпандағы ресми айыптау президентке тағы да саяси соққы болып тиді».

«ЕЛІМ ҮШІН ТҮРМЕГЕ ОТЫРУҒА ДАЙЫНМЫН»

Басылымның жазуынша, «Грузияның қаржы министрлігінің тергеу қызметі «Угулаваның жылжымайтын мүлікке қатысты күмәнді операцияға қатысы бар, бюджеттен 10 миллион лари (шамамен 6 миллион АҚШ доллары) жымқырған, Саакашвили үшін аса маңызды, шын мәнінде үкімет бақылауындағы «Имеди» жеке меншік компаниясын иемденбек болған» дейді. Олар толық дәлел ұсынбаса да, тергеушілер қаражатты мақсатсыз жұмсауды «ақша жасыру» деп атады».

Автор Тбилиси мэріне тағылған айыптарға тоқталады. «Угулаваға тағылған басты айыптың бірі: Тбилисиге көршілес орналасқан танымал аудан Рикеден төрт гектар жер сатып алып, Саакашвилидің «Біртұтас ұлттық қозғалыс» партиясы
Грузия президенті Михаил Саакашвили (сол жақта) және Тбилиси мэрі Гиги Угулава. Тбилиси, 29 ақаңтар 2010 жыл.
Грузия президенті Михаил Саакашвили (сол жақта) және Тбилиси мэрі Гиги Угулава. Тбилиси, 29 ақаңтар 2010 жыл.
билікте болғанда оны өз пайдасы үшін қайта сатқан. Қаржы министрінің мәлімдеуінше, «Угулава қалалық жерді 7 миллион лариге (4,24 миллион доллар) сатып алып, екі жылдан соң 17 миллион лариге қымбаттатып, үстінен пайда көрген. Солайша америкалық кәсіпкер Джозеф Кейдің шотына 10 миллион лари аударып, «Имеди» телекомпаниясына жеке қожайын болуды көздеген».

Екінші тағылған айып «Тбилиси қаласының бюджетінен Саакашвилидің «Біртұтас ұлттық қозғалысына» 4,1 миллион лари (2,48 миллион доллар) төлеген. Оны қала үкіметі студенттік жұмыс бағдарламасы деп атағанымен, қаржы өз мақсатына жұмсалмаған» дейді.

Автордың жазуынша, Угулава өзіне тағылған айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарып, «бұның бәрін «Грузия арманы» партиясының жетекшісі, ел премьер-министрі Бидзина Иванишвилидің Тбилиси қаласының билігін өз қолына алып, диктаторлық режимнің негізін қалауы» деп түсіндірді. Угулава 23 ақпан күні баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында «Жазықсыз екенімді дәлелдеуге тырысамын» деп, «елінің еркіндігі үшін түрмеге түсу қажет болса, оған да дайын екенін» айтты.

«ИВАНИШВИЛИ КЕК АЛЫП ЖАТЫР»

«Соңғы бес айда бұрынғы министр кабинетінің бір мүшесі түрмеге қамалды, басқасы сырттай сотталды, бұрынғы шенеуніктердің көбі тергеуге алынып, тұтқындалды» дейді автор. Оның айтуынша, «Біртұтас ұлттық қозғалыс саясаткерлерінің көбі Тбилиси қала басқармасында қалғанымен, соңғы бірнеше аптада олардың көбі партия құрамынан шығып кетті. Өткен жылдың қазанындағы сайлауда жеңіліс тапқан партия аймақтық құрылымда да билігін жоғалтты».

«Грузия арманы» партиясының соңғы әрекеттері оппозициямен жұмыс істеп, әділеттік орнатқаннан көрі, саяси қоқан-лоқы жасауға мүдделі деген уәжді бекіте
Грузия премьер-министрі Бидзина Иванишвили. Тбилиси, 5 ақпан 2013 жыл.
Грузия премьер-министрі Бидзина Иванишвили. Тбилиси, 5 ақпан 2013 жыл.
түскендей» деп қорытады автор. 22 ақпанда телеарнаға сұхбат берген президент Михаил Саакашвили осы тақырып төңірегінде сөз қозғап, «Иванишвилидің Угулаваға қарсы жеке қыжылы бар» деді. «Иванишвили инвестор болған кезде Тбилисидің жеке меншігіне көз салған, бірақ ол басқа инвесторға сатылған, солайша миллиардер кек сақтап қалған» дейді президент.

«Дәл қазір Угулаваны түрмеге қамауға негіз жоқ» дейді Грузияның бас прокуроры Арчил Квилашвили. Журналистер алдында жасаған мәлімдемесінде ол «Саакашвили тергеуге куәгер ретінде шақырылуы мүмкін» екенін айтты.

Бұрынғы премьер-министр Вано Мерабишвили Угулаваның орынбасары ретінде аталды. Грузия арманының мүшелері «ешқандай саяси қудалау жүріп жатқан жоқ, Угулаваны тергеу заңға сай өтті» дейді.

«Угулаваға тағылған айыптардың ешқайсы нақты дәлелденбегенімен, жаңа үкімет пен басқа саяси партиялар мэрді ақтап шығады дегенді білдірмейді. «Біртұтас ұлттық қозғалыс» партиясының билігі кезінде де ондай тәжірибе кеңінен қолданылған» деп жазады Eurasia View басылымы.

Ақпанның 25-і күні Тбилиси соты үкіметтің Угулаваны бюджет ақшасын дұрыс жұмсамауға қатысты отставкаға кетіру талабын қабылдамай тастады.
XS
SM
MD
LG