Лондонға 79 елден 286 боксшы барады. Ең көп боксшы – АҚШ-тыкі (12 спортшы). Қазақстан мен Австралия 11 боксшы апарады. Ал Ресей, Бразилия, Ұлыбритания 10 адамды жарысқа шығарады. Өзбекстан – 6, Тәжікстан – 4, Түркменстан – 2 жолдама алды, ал Қырғызстан биылғы олимпиадаға боксшы апармайды. (Бұл статистикада ерлер мен әйелдердің саны бірге есептелген).
Лондон олимпиадасында бокстан 13 комплект медаль бөліске түседі. Ойындар тарихында тұңғыш рет әйелдер боксынан да сайыс өтеді.
ЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ
49 килограмм. Бұл салмақта Қазақстан намысын Біржан Жақып қорғайды. Шымкенттік спортшы рингке 31 шілде күні шығады. Аса жеңіл салмақта олимпиадаға қатысатындар арасында Пекин олимпиадасының чемпионы Зоу Шимиң (Қытай), 2009 жылғы әлем чемпионы Пүрэвдоржийн Сэрдамба (Моңғолия), 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Давид Айрепетян (Ресей) бар.
Ал АИБА-ның (Халықаралық бокс федерациясы) бұл салмаққа арнап арнайы бөлген «тегін» жолдамасын гондурастық Баирон Молина алып, Лондон олимпиадасына қатысады.
Бұл салмақта Египет, Мозамбик, Тринидад және Тобого, Эквадор боксшылары да олимпиадаға қатысады.
52 килограмм. Жеңіл салмақта қазақстандық Ілияс Сүлейменов шаршы алаңға шығады. Оның басты қарсыластары – 2011 жылғы әлем чемпионы Михаил Алонян (Ресей), 2007 жылғы әлем біріншілігінің жеңімпазы Рауши Уоррен (АҚШ), Жасур Латипов (Өзбекстан) және Робеиси Рамирез (Куба).
Бұл салмақта Ботсвана, Алжир, Кения, Гана, Түркия боксшылары олимпиадаға қатысады.
АИБА бөлген жолдама ауғанстандық Ажмал Фаисалға бұйырды.
56 килограмм. Қазақстаннан олимпиадаға Қанат Әбутәліпов аттанады. 2011 жылғы Бакуде өткен әлем чемпионатын ұтқан Лазаро Алварес (Куба), осы чемпионаттың күміс және қола жүлдегерлері Лук Кэмпбелл (Ұлыбритания) мен Анвар Юнусов (Тәжікстан) та Лондонға барады. Бұл салмақта Сирия, Үндістан, Габон, Намибия, Аргентина, Доминика боксшылары да бар.
60 килограмм. Бұл салмақта Қазақстан атынан былтыр Бакуде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Ғани Жайлауов шаршы алаңға шығады. Украиналық Василий Ломаченко (Пекин олимпиадасының чемпионы, 2009 және 2011 жылғы әлем чемпионы), кубалық Янсиель Толедо (Бакудегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері), италиялық Доменико Валентино да Лондонға барады. Бұл салмақта Қытай, Тунис, Алжир, Бенин, Сейшель аралдары, Колумбия боксшылар да бар.
АИБА бөлген жолдама панамалық Хуан Хуертеске бұйырды.
64 килограмм. Бұл салмақта Қазақстан атынан 2010 жылғы Азия ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов шығады. Оның басты қарсыластары – 2011 жылғы әлем чемпионатының алтын және күміс жүлдегерлері Эвертон Лопес (Бразилия) мен Денис Веринчук (Украина). 64 килограмдық салмақта Камерун, Замбия, Марокко, Иран боксшылар да бар.
АИБА бөлген жолдама чехиялық Зденек Хладекке берілді.
69 килограмм. Серік Сәпиев (Қазақстан), Тарас Шелестюк (Украина, 2011 жылғы әлем чемпионы), Андрей Замковой (Ресей) – Лондон алтынына басты үміткерлер. Бұл салмақтағы жарысқа Литва, Моңғолия, Танзания, Нигер, Венесуэла спортшылары да қатысады.
АИБА-ның лицензиясы Ахмад Абдул-Каримге берілді.
75 килограмм. Қазақстан атынан бұл салмақта Данабек Сужанов қатысады. Былтырғы әлем чемпионы Евгений Хитров (Украина), өткен жылғы күміс жүлдегер Риота Мурота (Жапония), былтырғы қола жүлдегер Эскуво Флоренто (Бразилия) да алтынға таласады. Өзбекстандық Аббос Атоев та жүлде алуға үмітті. Лондонға Намибия, Нигерия, Эквадор боксшылары да барады.
Бұл салмақта АИБА жолдамасы бөлінген жоқ.
81 килограмм. Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан), Хулио Сезар Ла Круз (Куба), Егор Мехонцев (Ресей), Елшод Расулов (Өзбекстан) – Лондон олиимпиадасының басты фавориттері. Жахон Құрбанов (Тәжікстан), Бахрам Музафар (Түркия), Менг Флонг (Қытай) та жүлде алуға ниетті.
АИБА жолдаманы черногориялық Васко Драсковичке берді.
91 килограмм. Бұл салмақта Лондонға Қазақстаннан боксшы бармайды. Василий Левит екі іріктеу жарысында жолдама ала алмады. Бұл салмақта Пекин олимпиадасының күміс жүлдегері Клементо Руссо (Италия), былтырғы әлем чемпионы Олександр Усик (Украина), Теймур Мамедов (Әзірбайжан), Артур Бетербиев (Ресей), Әли Мазахери (Иран) күш сынасады.
АИБА жолдамасын анголалық Тумба Силваға берді.
+91 килограмм. Аса ауыр салмақта олимпиада алтынына 16 боксшы таласады. Оның ішінде қазақстандық Иван Дычко да бар. Бакудегі әлем біріншілігінің чемпионы Магомедрасул Мажидов (Әзербайжан), Эрик Пфейре (Германия), Роберто Каммерелло (Италия), Жан Жилей (Қытай) де олимпиадаға қатысады.
АИБА бөлген лицензия Конго боксшысы Межи Мбамбаға бұйырды.
ӘЙЕЛДЕР БӘСЕКЕСІ
Әйелдер боксы олимпиада бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отыр. Лондонда үш салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынатын сайысқа 36 әйел боксшы қатысады. Лицензия 2012 жылдың мамырында Қытайда өткен әлем чемпионатында бөлінген.
51 килограмм. Бұл салмақта Рен Канкан (Қытай), Никола Адамс (Ұлыбритания), Каролина Анна Михальчук (Польша), Елена Соловьева (Ресей) сынды споптшылар бар. Бұл боксшылар – биылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері.
60 килограмм. Бұл салмақта Қазақстан боксшысы Саида Хасенова олимпиадаға барады. Ол Қытайда өткен әлем чемпионатында алғашқы сегіздікке еніп, жолдама алған еді. Биылғы әлем чемпионы Кэти Тэйлор (Ирландия), күміс және қола жүлдегерлер София Очигова (Ресей) мен Мавзуна Шориева (Тәжікстан), Наташа Джонас (Ұлыбритания) та осы салмақта күш сынасады.
+75 килограмм. АИБА бөлген жолдаманың бірі қазақстандық боксшы Марина Вольноваға бұйырды. Әйелдер арасындағы аса ауыр салмақта биылғы әлем чемпионы Саванна Маршалл (Ұлыбритания), жүлдегерлер Елена Быстрова (Әзербайжан), Надежда Торлопова (Ресей), Ли Жинжи (Қытай) да Лондонға барады.
Бокс бәсекесі 28 шілде күні басталып, финалы 11-12 тамызда өтеді.