Accessibility links

Араб қыздары олимпиадаға хиджабпен қатысады


Футболшы әйел Асмах Хелалдың жаттығу кезінде түскен суреті. Сидней, 23 ақпан 2012 жыл.
Футболшы әйел Асмах Хелалдың жаттығу кезінде түскен суреті. Сидней, 23 ақпан 2012 жыл.

Washington post («Вашингтон Пост») басылымы маусымның 20-сы күні Сауд Арабиясы әйелдерінің олимпиадаға қатысуға рұқсат алғаны жайында мақала басты.


Саудия корольдігі бұл мәселені алты апта бойы талқылап, жарысқа хиджабпен ғана қатысуға рұқсат берген.

WP басылымы «Олимпиада хартиясының принциптері бойынша, жынысына байланысты адамды спорттан шеттету - дискриминация. Спортпен шұғылдану әр

Австралиялық модель Мекка Лахла суда жүзу спортының мұсылманша киімін көрсетіп тұр. Сидней, 12 қаңтар 2007 жыл.
Австралиялық модель Мекка Лахла суда жүзу спортының мұсылманша киімін көрсетіп тұр. Сидней, 12 қаңтар 2007 жыл.

адамның құқығы» деп жазады.

Бірақ Сауд Арабиясы бұған дейін ересектердің спорт жарыстарына әйелдерді жібермей, адам құқықтарына қатысты бұл қағидаларды елемей келген.

Маусымның 24-інде Лондондағы Сауд Арабиясы елшілігі спортшы әйелдердің жарысқа Саудия олимпиада комитетінің бақылауымен ғана қатысатыны жайлы мәлімдеген.

САУДИЯ ЖӘНЕ ОЛИМПИАДА

Мақала авторы Саудия спортшылары көп медаль алады дегенге сенбейтінін жазған. Саудиялықтар 2010 жылы жастар арасындағы Олимпиадада ат жарысынан қола медаль алған Далма Рушди Малхас есімді қыз балаға үміт артқан еді. Бірақ қазір оның жарысқа мініп шығатын аты жарақат алғаны, сол себепті ойынға қатыса алмайтыны мәлім болды дейді.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Саудияның спортқа қатысты әрекеттерін сынағанымен, спортшыларына олимпиадаға қатысуға рұқсат беріп келеді.

Ауған әйелдері. 19 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Ауған әйелдері. 19 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)


2000 жылғы Сидней олимпиадасына Ауғанстанның басым бөлігін бақылауда ұстаған Талибан әйелдерді жарысқа жібермеген еді. ХОК осыдан кейін Ауғанстан спортшыларын олимпиадаға қатыстырмау туралы шешім шығарған. WP дерегі бойынша, бұл жолы сол тәсілмен Сауд Арабиясы спортшыларын жарысқа қатыстырмау жайлы мәселе көтерілген.

«ТЕК ХИДЖАБ»

Саудия басшыларының BBC-ге берген сұхбатына қарағанда, әйелдердің жарысқа қатысу мәселесі билікте алты апта бойына қызу талқыланып барып шешілген.

Саудия королі Абдулла әйелдер құқығын кеңейтуді жақтамайды. Олар «Сауд Арабиясы қыздары жарысқа қатысқан күннің өзінде бет-әлпетін түгел жаппаса да, шаштарын жасырып тұратын хиджаб киіп шығады» деп мәлімдеген.

Автордың пікірінше, саудиялық басшылардың мәлімдемесі бұл елдің олимпиададан шеттетілуінен сақтап қалғанымен, проблеманы түбегейлі шешпеген. Автор дәлел ретінде Human Rights Watch ұйымының ақпан айында жасаған баяндамасын ұсынады.

Шахматтан араб чемпионаты. (Көрнекі сурет)
Шахматтан араб чемпионаты. (Көрнекі сурет)


Халықаралық ұйымның зерттеуінше, Сауд Арабиясында әйелдерді шеттету спорттың барлық саласында байқалады. Саудияның олимпиада комитетінде де, елдегі 29 спорт федерациясында да әйелдер бөлімі жоқ.

Елдегі барлық спорттық нысандар да түгелге жуық ерлерге арналған. Орта мектептерде қыз балалар дене шынықтыру сабағына қатыспайды. Бірақ үкімет «Бұл мәселеге өзгеріс енгіземіз» деп уәде еткен. Әйелдердің өздері ашқан жекеменшік спорт залдары мен фитнес клубтары соңғы жылдары лицензия берілмеуі себепті жабылып қалған.

«Ислам заңдарын тікелей тәпсірлеу, әбден бекіген ескі дәстүрлер, әйелдер мен ерлерді қатаң түрде бөліп ұстау әрекеттері әйелдер құқығын шектеп тастады» дейді автор. Ол мақаласын «Саудияда әйелдердің негізгі құқығы шектеліп жатқанда ел үкіметінің Лондон олимпиадасына бір апта қалғанда мынадай мәлімдеме жасауы жеткіліксіз» деп қорытындылаған.

XS
SM
MD
LG