Қазақстан 27 шілде мен 12 тамыз аралығында Лондонда өтетін олимпиадада алтын медаль алған спортшыға 250 мың доллар, күміске – 150 мың доллар, қола медаль алған спортшыға – 75 мың доллар сыйақы берілетінін мәлімдеді.
Gazeta.ru агенттігінің хабарлауынша, Ресейде алтын медаль алған спортшының сыйақы көлемі Бейжің олимпиадасымен салыстырғанда 30 мың долларға өскен (128 мың доллар немесе 100 мың еуро). Күміс және қола жүлдеге ие болғандар тиісінше 82 мың және 56 мың доллар (яғни 60 мың және 40 мың еуро) алады.
Беларусь үкіметінің тағайындаған сыйақысы да дәл осы көлемде. Моjazarplata.com.uа экономикалық порталының мәліметіне қарағанда. Украинада сыйақы мөлшері Бейжің ойындары кезіндегімен бірдей: алтынға - 85 мың доллар, күміске - 62 мың доллар, қолаға - 41 мың доллар. Ал Тәжікстан чемпиондарға 62 мың доллар тағайындап отыр. Күміс (52 мың доллар) пен қола (42 мың доллар) алғандар да құр алақан қалмайды.
«Мир» телеарнасының хабарлауынша, Қырғызстан үкіметі алтын алған спортшыға 150 мың доллар бермек.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хорватия елі алтын медаль әкелген атлетке 27 мың 500 еуро (35 мың долларға тең), күміске – 17 мың 500 еуро (22 мың доллар), қола алған спортшыға 12 мың еуро (15 мың доллар) ұстатады.
Болгарияда сыйақы мөлшері Хорватияға қарағанда көп: алтын – 102 мың 500 еуро (130 мың доллар), күміс – 82 мың 100 еуро (104 мың доллар), қола – 71 мың 800 еуроға (91 мың долларға тең) «бағаланған».
Литва жеңіске жеткен спортшыға 116 мың еуро (147 мың доллар) бермек. Екінші орын алғандар 72 мың 500 еуро (92 мың доллар), ал қола жүлдегер атанғандар 43 мың 500 еуро (55 мың долар) алады.
Чехияның сыйақы мөлшері Литвадан аз. Чех елі олимпиададан алтын әкелген атлетке 75 мың еуро (95 мың доллар) дайындап отыр. Ал күміс пен қола жүлдені иеленгендердің сыйы екі есе аз – 37 мың 500 (48 мың доллар) және 22 мың 500 еуро (28 мың долларға тең).
Италия алтын әкелген спортшыға 140 мың еуро (178 мың доллар), күміс жүлдегерге 75 мың еуро (95 мың доллар), қола алған адамға 40 мың еуро (51 мың долларға тең) бермек.
Ал The Telegraph басылымының хабарлауынша, чемпионға Франция – 66 мың, Қытай – 55 мың, Жапония – 36 мың, Оңтүстік Корея – 35 мың, Австралия мен Германия - 19 мың АҚШ долларын тең сыйақы тағайындапты.
АҚШ-та олимпиада чемпиондарына берілер сыйақы көлемі 18 жылдан бері 25 мың доллар күйінде өзгермей келеді.
Швеция мен Норвегияда олимпиада жүлде алған спортшыларға ақша берілмейді. Есесіне чемпиондар құрметіне елдегі географиялық аймақтарды атайды. Жеңімпаздарға демеушілер сыйлық беруі мүмкін. Ал Солтүстік Кореяда жеңімпаздарды арнайы мемлекеттік наградамен марапаттайды. Ұлыбритания да жүлдегерлерге сыйақы тағайындамайды.