ХОК олимпиада жеңімпаздарына ешқашан ақшалай сыйлық берген емес. Бірақ әрбір мемлекет өз жеңімпаздарын марапаттауды дәстүрге айналдырған.
Биылғы олимпиаданың жеңімпаздары да сый-сыяпаттың астында қалайын деп тұр. Олардың біразы кем дегенде жергілікті ақшамен есептегенде миллионер атанып, су жаңа көлік мінуі мүмкін. Алтын тұрмақ күміс пен қола медаль алған спортшылар да құр алақан қалмайды.
БІР МИЛЛИОН 200 МЫҢ АҚШ ДОЛЛАРЫ
1992 жылдан бастап көптеген олимпиадалық спорт түрлеріндегі әуесқой мәртебесі алынып тасталғасын спортшылар өз үкіметтерінен, ұлттық олимпиада комитеттері мен жеке қорлардан ақшалай сыйлық қабылдауға рұқсат алды.
Сол шешімнің арқасында биыл егер қандай да бір Грузия спортшысы Лондоннан чемпион атанып қайтса, 1 миллион 200 мың АҚШ долларына ие болмақшы. Тәжікстандық спортшылар жеңімпаз атанса, қымбат көлік мінбекші. Кейбір елдерде чемпиондарға жаңа пәтер кілті табыс етілмек.
Ақшалай сыйлықтардың көлемдері де әр түрлі. Кейбір елдер спортшыларына костюмдерінің бағасынан сәл артық қана сома ұсынса, басқалары бірнеше жылдық жалақы қорынан асып түсетін қомақты қаржы бермекші.
Әзербайжан алтын медаль ұтқан жағдайда спортшысына 510 мың АҚШ долларын табыс етпек. Қазақстандық олимпиадашы чемпион атана қалса, 250 мың доллар иеленбек.
ЧЕЛЯБИНСК ГУБЕРНАТОРЫНЫҢ СЫЙЛЫҒЫ
Бұл сомалар тек сол елдер үшін ғана көп ақша болып есептелмейді, бақуатты Батыс елдерінің тұрғысынан қарағанда да қомақты көрінеді. Мысалы, АҚШ үкіметі алтын медальға 25 мың, күміске - 15 мың, ал қолаға - 10 мың доллар бермекші.
Ресей үкіметі чемпион атанған әрбір спортшысына 125 мың доллар тігіп отыр. Бірақ болашақ чемпион оған үстеме сыйақы алуы да мүмкін. Челябинск облысының губернаторы осы аймақтан шыққан олимпиада чемпионына 1 миллион доллар табыс ететінін мәлімдеді. Санкт-Петербургтың шенеуніктері жергілікті жеңімпаздарға үстеме 33 мың доллар бермекші.
Иран үкіметі олимпиада жеңімпазын 85 000 АҚШ доллары көлеміндегі сыйақымен марапаттамақшы. Барлық жүлде алған ирандық спортшылар өмірлерінің соңына дейін жәрдемақы алып тұрмақшы.
КӨЛІК, ПӘТЕР ЖӘНЕ ЖЕР УЧАСКЕСІ
Бірқатар ирандық шенеуніктер мен ұйымдар жеңімпаздарға қосымша көлік, пәтер, жер учаскесін сыйламақшы.
Орталық Азиядағы ең кедей елдің өзі бұл бәсекеге түсіп отыр. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның уәдесі бойынша олимпиада чемпионы атанған жағдайда тәжік спортшысы 63 мың АҚШ долларын иеленбек.
Бұған қоса Душанбе мэрі болашақ жеңімпазға бір бөлмелі пәтер, ал күміс және қола жүлде алғандарға ақшалай сыйлық ұстатпақшы.
Президент Рахмонның туысқанына қарайтын Тәжікстанның ең ірі Oriyonbonk банкі әрбір алтын медаль иегеріне қымбат көлік сыйлайтынын хабарлады.
Тәжікстанның оппозициялық Исламдық жаңғыру партиясы барлық медалистерге Душанбеден бір бөлмелі пәтер әперетінін жария етті. Мұндай пәтердің құны 30 мың мен 80 мыңның арасында.
ӨМІР БАҚИ БЕРІЛЕТІН 500 ДОЛЛАРЛЫҚ СТИПЕНДИЯ
Ал қырғызстандық спортшылар алтын медаль жеңіп алса, 200 мың доллармен марапатталмақ. Бішкек барлық медаль иегерлеріне өмірлерінің соңына дейін айына 500 доллар стипендия төлейтінін мәлім етті.
Түркіменстан - СССР құлағаннан бері олимпиадада медаль иеленіп көрмеген ел. Ашғабат 2012 жылғы олимпиада жүлдегерлеріне арналған сыйақы туралы әлі хабар таратқан жоқ.
Беларусь президенті Александр Лукашенко елдің олимпиадалық құрамасы 25 медаль, оның бесеуін алтыннан иеленеді деп жоспарлайды. Ол чемпион атанғандардың әрқайсысына 150 мың доллар тағайындады.
Ал олимпиаданы өткізуші ел Ұлыбританияға келсек, бұл елдердің спортшылары үшін мұндай қисапсыз ақша бергелі отырған ешкім жоқ. Ұлыбританияда жалпы олимпиада жүлдегерлеріне ешкім ақша төлемейді. Алтын медаль алғандарына ғана пошта маркасына суретін басқаны үшін 15 мың доллар гонорар берілмекші.