Малайзия билігі жоғалған Boeing 777 ("Боинг 777") ұшағын іздестіруге қазір 25 ел қатыстырылғанын хабарлады. Малайзия үкіметі өкілінің 16 наурыздағы хабарлауынша, үкіметі ұшақты іздеуге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Пәкістан, Үндістан, Қытай, Франция және АҚШ-тан көмек сұраған.
Малайзия Boeing 777 ұшағында болған 239 жолаушы мен сол ұшаққа жерден қызмет көрсеткен басқа да адамдардың жеке бас мәліметтері тексеріліп жатқанын да айтты.
Малайзия полициясы жоғалған ұшақтың екі ұшқышының үйіне тінту жүргізген. Оған дейін Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак "жоғалардан бұрын Boeing 777 ұшағының байланыс жүйесі ажыратылған соң, ұшақ өзіне бекітілген бағыттан әдейі ауытқығаны" туралы мәлімдеген. Ұшақ радар экранынан көрінбей кеткен соң да жеті сағат бойы оның деректері спутниктерде тіркелгені туралы ақпаратты Малайзия премьер-министрі растады.
8 наурызда Малайзия астанасы Куала-Лумпурден Қытай астанасы Пекинге ұшып шыққан, бортында 239 адам болған MH370 рейсі - Boeing 777 жолаушылар ұшағы ешқандай дабыл белгісін берместен, бағытын ауыстыратынын я басқадай проблемалар туындағанын хабарламастан із-түссіз жоғалып кетті. Соңғы рет диспетчермен байланысқа шыққан кезде ұшақ Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырымдай қашықтықта болған.