Accessibility links

Мектептегі қырғын АҚШ-тағы қару мәселесін қозғады


Сэнди Хук мектебіндегі қырғыннан қаза тапқан балалардың есімдері. АҚШ, 18 желтоқсан 2012 жыл.
Сэнди Хук мектебіндегі қырғыннан қаза тапқан балалардың есімдері. АҚШ, 18 желтоқсан 2012 жыл.
Ньютаун бастауыш мектебіндегі қанды қырғыннан соң АҚШ-та қару ұстауға қатысты заңды қатайту жайы айтыла бастады.

Желтоқсанның 14-і күні АҚШ-тың Коннектикут штатында 20 жастағы Адам Лэнза есімді тұрғын мектептегі бес пен он жас аралығындағы 20 оқушыны және алты ересек адамды атып тастады. Билік өкілдері осы оқиғадан кейін «қаруға иелік етуге рұқсат ететін заңның соңы қайғы-қасіретке ұласқанын мойындайтын кез жетті» деп мәлімдеді.

АҚШ-та мұндай оқиғалар бұрын да болған еді. 2007 жылы Вирджиниядағы политехникалық институттың студенті 32 адамды қырып салған. Содан бері бес жыл ішінде АҚШ-та осыған ұқсас жеті адам өлімі болды. Бірақ олардың ешқайсы да Сэнди Хук бастауыш мектебіндегі қырғын сияқты қоғамдық толқу туғызбады.

«КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ»

АҚШ президенті Барак Обама да бұндай оқиғаны бірнеше рет болғанын (Орегондағы сауда үйі, Висконсиндегі ғибадатхана, Аврорадағы кинотеатр және Чикаго көшесіндегі атыс) айта келе:

– Бұл – біздің еліміз. Құрбан болған – біздің балаларымыз. Сондықтан қандай
АҚШ президенті Барак Обама мектептегі атыс туралы айтып тұр. Вашингтон, 14 желтоқсан 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама мектептегі атыс туралы айтып тұр. Вашингтон, 14 желтоқсан 2012 жыл.
бағытты ұстансақ та, осындай трагедиялардың алдын алу үшін шара қабылдауға тиіспіз, – деді.

Обама осы кезге дейін Америкадағы қару ұстау құқын қорғайтын саясаткерлерді қолдап келген. Солардың бірі сенатор-демократ Джо Мэнчин 2010 жылы коммерциялық кампания жүргізген еді. Ол NBC News түсіру тобына берген сұхбатында шабуыл тапаншаларына тыйым салуға келісетінін айтты.

– Спорттық атысу залына немесе аңшылыққа ешкім ондай мылтық ұстап бармайды, – дейді сенатор.

Мэнчин қару ұстау құқын жақтаушы ең ықпалды ұйым – ұлттық атқыштар қауымдастығындағы «достарын» қорғаушылармен бірге отырып, мәселені талқылап, қисынды амалын табуға шақырды.
Көптеген саясаткерлер «қаруға тыйым салу мәселесін айту - саяси тұрғыда зор тәуекелге бас тігу» деп біледі.

Шабуыл тапаншасы – АҚШ-тағы көптеген қанды қырғынға себеп болған қару. Конгресс 1994 жылы конгресс шабуылдау қарулары мен жоғары сапалы оқ-дәрілерді қолдануға уақытша тыйым салған. Бірақ он жылдан соң заң күшін жойды, ал сенаторлар оны ұзартуға тырыспады. Көптеген саясаткерлер «қаруға тыйым салу мәселесін айту - саяси тұрғыда зор тәуекелге бас тігу» деп біледі.

АҚШ конститутциясына енгізілген екінші түзетуде «қару ұстап жүруге құқық беріледі» деп жазылған. Бірақ сол құқықтың шегі мен мөлшері он жылдан бері талқыланып келеді. Жақында АҚШ жоғарғы соты азаматтардың қару ұстап жүруге жеке құқы бар екенін растағанмен, қарудың кейбір түрлерін сатуға тыйым салатын мемлекеттік және жергілікті заңдарды қабылдамады.

АТҚЫШТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ «ДҮМІ»

АҚШ-тағы 4 миллион ауқатты әрі ықпалды мүшесі бар ұлттық атқыштар қауымдастығы қаруды сатуға шектеу қояйық деп белсенген саясаткерлерге жұмыла қарсы шығады.

Бірақ Карнеги Меллон университетінің мемлекеттік саясат және қылмысты зерттеу
Сэнди Хук мектебінде оққа ұшқан балалардың жақындары. АҚШ, Ньютаун қаласы, 14 желтоқсан 2012 жыл.
Сэнди Хук мектебінде оққа ұшқан балалардың жақындары. АҚШ, Ньютаун қаласы, 14 желтоқсан 2012 жыл.
бөлімінің профессоры Даниель Нэгиннің ойынша, «сенатор Мэнчиннің жүрегіндегі өзгеріс конгрестегі ахуалды өзгертуі мүмкін».

– Сенатор Мэнчин бұған дейін ұлттық атқыштар қауымдастығын қоғамдық тұрғыда жақтап келді, сондықтан оның пікірі елеусіз қалмауға тиіс, – дейді ғалым.

Мэнчин қару ұстау мәселесіне байланысты бастама көтерген жалғыз сенатор емес. Кентукки штатының өкілі, қару ұстауды ұнататын өкілі Джон Ярмус:

– Қарулы қырғын туралы соңғы алты жылда үндемей келдік. Ұлттық атқыштар қауымдастығы бірнеше миллион доллар жұмсап, азаматтарымыз бен саясаткерлерімізді қорқытып келді. Ол қауымдастықтың саяси мүмкіндігі туралы аңызға сенгенше, шын қарудан қорыққан дұрыс, – деді.

Калифорниялық демократ сенатор Дайан Фейнштейн «өткен аптада болған атыстың нәтижесінде қаңтарда соғыс тапаншаларына тыйым салынатынын» айтты. Оның
Сэнди Хук мектебінің мұғалімдері оқушыларын мектептен әкетіп барады. АҚШ, Ньютаун қаласы, 14 желтоқсан 2012 жыл.
Сэнди Хук мектебінің мұғалімдері оқушыларын мектептен әкетіп барады. АҚШ, Ньютаун қаласы, 14 желтоқсан 2012 жыл.
cөзінше, республикашылдар заңға қатысты пікірлерін әзірше бүгіп отыр, бірақ «жаңа заң қабылдамас бұрын біраз уақыт өткізейік, оқиғаның қызуы бәсеңдесін, асықпайық» деген сыңай танытады.

Карнеги Меллон университетінің профессоры Нэгинның айтуынша, қару ұстауды жақтаушылар да, оған қарсылар да жел сөзге жол бермеуі керек.

– Бұл мәселе бойынша бірден келісімге келе қоймаспыз. Қаруды заңды түрде пайдаланудың қандай түріне рұқсат ету керек: аңшылыққа ма, әлде қорғаныс мақсатында ма? Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін қандай заң керек? Осы мәселенің басын ашып алу қажет, – дейді ол.

Профессордың ойынша, «америкалықтар алкогольді ішімдіктен бастап барлық мәселелерді қарастырған – қару ұстау құқы да қалыс қалмауға тиіс».

Reuters/Ipsos агенттігінің сауалнамасы нәтижесіне қарағанда, АҚШ-та «қару ұстау туралы заңды қатайту керек» деген азаматтардың саны күрт өткен. Трагедияға дейін жауап бергендердің 42 пайызы «қару ұстау үшін қатаң тәртіп пен шектеу керек» дегенге қосылса, қазір 50 пайызы қолдайды. «Шабуыл қаруларына тыйым салу керек» деген адамдардың саны 60 пайызға артқан.

Ал ұлттық атқыштар қауымдастығы бүгін «қару қолданып, адамдарды жаппай қыру оқиғаларына жол бермеуге ықпал ететінін» мәлімдеді. Ұйым мұндай мәлімдемені алғаш рет, Ньютаундағы мектепте болған қырғыннан кейін жасап отыр. Бірақ қауымдастық қару қолданып, адам қырудың алдын алу үшін нақты қандай шаралар жасайтынын ашып айтпаған.

(Мақаланы ағылшын тілінен аударған - Динара Мәзен).
XS
SM
MD
LG