Астанада "Қазақстандағы көші-қон үдерісіне әлемдік экономика дағдарысының ықпалы" деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Оны ұйымдастырушы "нұротандықтар" өздеріне қойылған өткір сұрақтарға ашумен жауап беріп, қоғамдық диалогқа дайын емес екендіктерін көрсетті.
Таяуда ғана үкіметтің көші-қон проблемасына қатысты "Нұрлы көш" деген бағдарлама қабылдағаны мәлім. Алдағы үш жылға арналған бұл бағдарламаға мемлекет бюджетінен 200 млрд. теңгеге жуық қаржы қарастырылыпты. Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сақтаған Нұрымбетов "Нұрлы көштің" оралмандардың өмірін нұрландыратындығына сендіруде. Ол бұл бағдарлама аясында оралмандар жұмыспен қамтамасыз етіледі әрі баспаналы болады дейді. Онымен қоса, оларға берілетін ипотекалық несиенің пайыздық ставкасы 4-6 пайыздан аспайды екен, әрі пәтердің шаршы метрі 380 долларға бағаланатын болады.
Алайда қазақ қоғамында тағы бір күрделі топ бар. Олар - болашағы жоқ елдімекендерден қала шетіне қоныс аударған ішкі мигранттар. Бұлардың мәселесі не "Нұрлы көште", не мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасында қамтылмаған. Тіптен, Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сақтаған Нұрымбетовтің өзі енбек министрлігі әзірлеген "Нұрлы көш" бағдарламасында ішкі мигранттар мәселесі қарастырылмағанын айтып отыр. Есесіне 90 -шы жылдары шетелдерге қоныс аударған бұрынғы қазақстандықтардың (Мұның ішінде өзге ұлт өкілдері де кіреді.-автор) қайтадан келуі оралмандарға тең жеңілдіктер бар.
"Алға, азаттық" қоғамдық ұйымының төрағасы Жасарал Қуанышәлі осы мәселені көтерген еді. Бірақ "Нұр отанның" да, Еңбек министрлігінің де өкілдері бұл мәселеге мардымды жауап бермеді.
Ал "Шаңырақ" қоғамдық ұйымының төрағасы Асылбек Қожахметовтің айтуынша, 2003 жылы президенттің жарлығымен ауылды мекендерді дамыту жөніндегі 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданыпты. Осы бағдарлама аясында 2004-2006 жылдарға мемлекеттік бюджеттен ауылдық тұрғындардың ішкі миграциясын реттеп, оларға қолдау білдіру үшін 500 млн. теңге қаржы бөлінген. "Бірақ осы үш жыл ішінде ішкі мигранттардың проблемасы күрт нашарлаған" деген Асылбек Қожахметов бөлінген 500 млн.теңгенің шенеуніктердің қалтасында кеткеніне еш күмәнданбайды.
"Шаңырақ" қозғалысының төрағасы Асылбек Қожахметов бүгінде қазақ қоғамындағы ең ауыр әлеуметтік топтың ішкі мигранттар екенін айтады. Оның мәліметіне сүйенсек, былтырғы жылы ғана бір Алматыда осы әлеуметтік топтың өкілдері жер және үй дауы үшін 8 рет аштық шарасын, 24 рет шеру мен минтингтер өткізгенін айтады. Осының салдарынан наразылық акциясын өткізген азаматтар әкімшілік жауапқа тартылып, полиция тарапынан жәбір көрген.
Асылбек Қожахметов ауылдан қалаға қоныс аударған қазақ отбасыларының арқасында "жаңа" халық пайда болғанын айтады. Ол осыған дейін қалада өз тілін, ділін, тарихын білмейтін қазақстандықтардың өсіп келгенін, ал ауыл қазақтары мұны бұзып, қаланы қазақыландырғаны, қазақ мемлекетін сақтап қалғаны үшін оларға билік рахмет айтуы керек екендігін жеткізді Асылбек Қожахметов.
Қазақстан үкіметі 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй бағдарламасында 21800 пәтер, 4300 арендалық үй салуды жоспарлапты. Бірақ олардың бірі де ішкі мигранттарға бұйырмайды. Өйткені, бұл пәтерлерге ең бірінші мемлекеттік қызметкерлер мен жас отбасылардың ғана қолдары жетеді.
Асылбек Қожахметов бүгінде билік ішкі жұмысшылардан гөрі сырттан келетін жүмыс күштеріне көбірек жағдай жасап отырғанын алға тартып, соның салдарынан аймақтағы тұрғындар жұмыссыз қалады дейді. Мысалы, жыл сайын бір ғана көрші Қырғызстаннан 150 мыңға жуық заңсыз мигранттар келеді екен. Қазақстандағы жұмыс берушілерге өз елінің азаматтарын заңға сәйкес салық төлеп, жұмысқа алғаннан гөрі, заңсыз шетелдік жұмыс күшін арзанға пайдаланған тиімді болады екен. Осыларды мысалға келтірген Асылбек Қожахметов көші-қонға қатысты елдегі заңнамаларды реттеу керек дейді.
Ол сонымен бірге қалалардағы атқарушы биліктің ішкі мигранттарға теріс қарайтынын айтады. Бұған мысал, "Шаңырақ", "Бақай" оқиғалары дейді ол.