«Азат» партиясы оппозиция көсемі Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілерінің өліміне қатысты істі қайта қарауды биліктен талап етті. Марқұмның ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы Рахат Әлиевтен қылмысқа қатысты дәлелдері болса шығаруын сұраса, «Өкіл қайын ата» кітабының авторы Австрия прокуратурасына шағымданса тың деректерді тергеушілерге беруге уәде етті.
Мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілері Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынның өлтірілгеніне үш жыл, осы қылмысқа қатысты соттың аяқталғанына екі жылдан асса да «Алтынбек пен оның көмекшілерін кім өлтірді?» деген сауал жауапсыз қалып барады деп мәлімдеді «Азат» партиясының өкілдері, маусымның 2-і күні Алматыда өткен баспасөз конференциясында.
Алтынбек Сәрсенбайұлының туған бауыры Рысбек Сәрсенбайұлының айтуынша, істі қайта қарау туралы талап бұған дейін де талай мәрте қойылған, бүгін тағы да қайталанып отыр және оның жергілікті билік Қазақстанда таратуға тыйым салған «Өкіл қайын ата» кітабына ешқандай қатысы жоқ.
Оның айтуынша, «қылмыс сенатор Ержан Өтембаевтың тапсырысымен жасалды» деген сот үкіміне ешкім сенген жоқ. Сондай-ақ, «Азат» партиясы саяси қылмысқа күдіктілердің қатарында Н. Әбіқаев, Н. Дүтбаев, Р. Әлиев, Б. Мұхамеджанов, А. Кекшаев, Б. Назарбаев, С. Терещенко, Р. Түсіпбеков және басқа да көпшілікке таныс кісілердің аттары аталғандығын, олардың барлығы дерлік Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілерінің өліміне қатысты істі қараған соттың алдын көрмегендігін атап көрсетті.
- Талдықорғанда сот процесі өтіп жатқанда біз Рахат Әлиевтің сот алдында жауап беруін талап еттік. Себебі ол 2001 жылы күзде телефон арқылы Алтынбек Сәрсенбаевқа қоқан-лоққы жасаған. Мен мұны сотта айттым. Рахат Әлиев бізге дос емес. Рахат Әлиев Алтынбектің өлімін ұйымдастырушы, қатысушы болуы мүмкін деген менің күдігім бар, - деді Рысбек Сәрсенбайұлы.
Бұдан бөлек, «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбілов «Өкіл қайын ата» кітабының тұтастай бір тарауы осы қылмысқа арналғандығын, онда логикалық және фактологиялық қате барын, сондай-ақ кітап авторы Рахат Әлиев өз болжамын дәлелдейтін дәйектерін өз еңбегінде келтірмегендігін атап көрсетті. Осыған орай, партия жетекшісі автордың қолында сөз болып отырған қылмысқа қатысты аудио, бейне, фото құжаттары бар болса, оларды заңмен рәсімдеп, тиісті орындарға беруін талап етті.
Алайда Рысбек Сәрсенбайдың өзі істі қайта қарауға қажетті мұндай құжаттардың Рахат Әлиевтің уысынан шыға қоятындығына күмән келтіріп отыр:
- Егер ол шындықты айтса, онда сол кезде мәлім етуі керек еді. Бірақ ол олай жасаған жоқ. Рахат Әлиев, еуропалық серіктестер арқылы, осы қылмысты ашуға көмектесіп, материалдарын беруге дайын екендігін айтып жіберген болатын. Бірақ ол сөзінде тұрған жоқ. Ол жәй ғана президентпен немесе биліктегілермен осы арқылы саудаласты. Сол үшін оған қажет болған.
Дей тұрғанмен, Рысбек Сәрсенбай «Өкіл қайын ата» кітабының авторынан қолында қандай құжаттары бар екендігін білгісі келеді.
- Рахат Әлиевтен оның қолында қандай дәлелдері бар екендігін білгім келеді.
Рысбек Сәрсенбайұлы да, Болат Әбілов те Алтынбектің қазасына Рахат Әлиевтің қатысы бар болуы мүмкін деген пікірде.
«Өкіл қайын ата» кітабына салынған тыйымға қатысты маусымның 2-і күні Азаттық радиосының сайтында өткен онлайн-конференцияда, жоғарыда Рысбек Сәрсенбайұлының айтқандарымен мазмұндас келетін сұраққа берген жауабында Рахат Әлиев: «Егер қаза тапқан Сәрсенбаев, Журавлев пен Байбосынның туыстары Австрияның прокуратурасына шағымданатын болса, мен кісі өлтіруге тапсырыстың Австрия аумағында берілгендігі жөніндегі дерек бойынша қылмыстық іс қозғауы үшін тергеушілерге өзге де құжаттарды беруге дайынмын» деп жауап берді.
Оппозиция көсемі Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілері Журавлев пен Байбосын 2006 жылы ақпан айында Алматы облысының аумағында қастандықпен өлтірілді.
Алтынбек Сәрсенбайұлының туған бауыры Рысбек Сәрсенбайұлының айтуынша, істі қайта қарау туралы талап бұған дейін де талай мәрте қойылған, бүгін тағы да қайталанып отыр және оның жергілікті билік Қазақстанда таратуға тыйым салған «Өкіл қайын ата» кітабына ешқандай қатысы жоқ.
Рысбек Сәрсенбайұлы, Алтынбек марқұмның ағасы, "Жас алаш" газетінің бас редакторы. Алматы, 2 маусым, 2009 ж.
- Біздің талабымызды Рахат Әлиевтің кітабына байланысты деп түсінбеулеріңізді өтініп сұраймын. Жаңадан ашылған жайттарға байланысты қылмысты қайта тергеу қай елдің болмасын заңында бар нәрсе. Сондықтан, бұл мәселені көтеруге елде күш көрсету, зорлық жасау ұйымдарының әрекеттері шегіне жетіп болғандығы, оларға тосқауыл қойылмаса тіпті үдей түсетіндігі себеп болып отыр, - дейді Рысбек Сәрсенбайұлы.Оның айтуынша, «қылмыс сенатор Ержан Өтембаевтың тапсырысымен жасалды» деген сот үкіміне ешкім сенген жоқ. Сондай-ақ, «Азат» партиясы саяси қылмысқа күдіктілердің қатарында Н. Әбіқаев, Н. Дүтбаев, Р. Әлиев, Б. Мұхамеджанов, А. Кекшаев, Б. Назарбаев, С. Терещенко, Р. Түсіпбеков және басқа да көпшілікке таныс кісілердің аттары аталғандығын, олардың барлығы дерлік Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілерінің өліміне қатысты істі қараған соттың алдын көрмегендігін атап көрсетті.