Ақбаян - ғұмыр
Пионер Мәдина. - Суреттің сол жағында Қазалы қаласындағы № 5 мектеп-интернаттың пионер дружинасы советінің төрағасы Мәдина Ералиева. 1966 жыл.
Мәдинаның оқушы кезі. - Екінші қатарда сол жақтан екінші тұрған Қазалыдағы № 5 мектеп-интернаттың 6-класс оқушысы Мәдина Ералиева. 1967-68 оқу жылы.
Бойжеткен Мәдина. - Мәдинаның Қызылорда қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищеде оқып жүрген кезі. 1972 жыл.
Облыстық театр сахнасында. - Мәдинаның өнеріне бастау болған Қызылордадағы Нартай Бекежанов атындағы облыстық театрдың сахнасы еді. 1970 жыл.
Студенттік шақ. - Алдыңғы партада (сол жақтан бірінші) отырған Алматыдағы Қыздар педагогикалық институтының студенті Мәдина Ералиева. 1975 жыл.
Аспирант Мәдина. - Мәдина Ғылым Академиясының аспирантуасында оқып жүрген кезінде «Адырна» ансамбліне жұмысқа шақырылған еді. 1979 жыл.
Сахналық киімді өлшеу. - Мәдинаның «Адырна» сазды-фольклорлық ансамблінде ән шырқып жүрген кезі. 1978 жыл.
Мәдина алғашқы әндерін баянмен орындайтын. - Мәдина Ералиева өзінің жұлдызын жандырған «Ақбаян» әнін шырқап тұр. 1978 жыл.
Әнші мен режиссердің үйлену тойы. - Мәдина Ералиева мен Болат Атабаевтың некелесу сәті. Алматы қаласы, 1980 жыл.
Мәдина 30 жасында елге танымал әнші болды. - Күміс көмей әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиева. 1985 жыл.
«Адырна» ансамблі туралы кітап. - Мұқабасында Мәдинаның суреті басылған бұл кітап 1990 жылы Францияда жарық көрді.
Қолтаңба беру - Әнші өнерсүйер жастарға қолтаңба беруде. 1995 жыл.
Ақтау айдынындағы аққулар. - Каспий теңізінің жағасындағы Ақтау қаласындағы гастролдік сапар кезінде. 1997 жыл.
Әнші сүйікті көлігімен. - Мәдина Ералиева әнші қыздардан алғашқы болып көлік жүргізген еді, 1998 жыл.
Анасы мен баласы. - Мәдина жалғыз ұлы Арсенмен бірге өз үйінде. Алматы, 1999 жыл.
Сүйікті ақ рояль. - Тамаша әндерін сүйемелдеген осы рояль Мәдинаның жақсы көретін аспабы еді. Өз үйінің қонақ бөлмесінде. 2000 жыл.
Мәдина өмірінің соңғы жылында. - Ақбаян әнші 2000 жылы өмірден өтті.
Әнші «Күрең күзде» бақиға сапар шекті. - Ақбаян әнші 2000 жылдың 27-қарашасында көлік апатынан көз жұмды.
Мәдинаны ақтық сапарға шығарып салу. - Әншімен қоштасу өзі ұзақ жылдар қызмет еткен Жамбыл атындағы филармонияда болды. Қараша айы 2000 жыл.
Арсеннің үйлену тойы. - Әншінің ұлы Арсен мен оның зайыбы Жаннаның некелесу сәті. Алматы 2004 жыл.
Арсеннің отбасы. - Әншінің ұлы Арсен мен жұбайы Жанна ұлдары Әлішермен. Астана 2004 жыл.
Ақбаян десе Ақбаян еді-ау! - Әнші Мәдина Ералиева сахнаға шығар алдында. 1999 жыл.