1 Мамыр күнгі полициямен қақтығыс
Оппозицияның жиналысын дуалдың үстінен бақылап тұрғандар. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
«Халық билігі» блогы ұйымдастырып өткізген демократиялық қауымдастықтың республикалық жиналысы. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
Демократиялық қауымдастықтың республикалық жиналысын ұйымдастырған «Халық билігі» блогының жетекшілері - Қазақстан Коммунистік партиясының жетекшісі Ғазиз Алдамжаров (сол жақта) және «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
Қазақстан Коммунистік партиясының жетекшісі Ғазиз Алдамжаров демократиялық қауымдастықтың республикалық жиналысында сөйлеп тұр. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
Қоғам қайраткері Жасарал Қуанышәлі демократиялық қауымдастықтың республикалық жиналысында сөйлеп тұр. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
Қоғам қайраткері, режиссер Болат Атабаев демократиялық қауымдастықтың республикалық жиналысында сөйлеп тұр. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
«Арман» қозғалысының жетекшісі Ермек Нарымбаев демократиялық қауымдастықтың республикалық жиналысында сөйлеп тұр. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
Полицейлер демократиялық қауымдастықтың республикалық жиналысы өтіп жатқан «Алға» партиясы кеңсесінің айналасын шкп құрып тұр. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
Ақ жаулықты әйелдер Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қою үшін ол жерге дейін шеру жасап баруға әрекет жасады. Ортада - ақын Айсұлу Қадырбаева. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
Алайда, әйелдердің жолын бөгеген полицейлер оларды өткізбей қойды. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
Әйелдер ұстап келе жатқан үнпарақтар мен қалампыр гүлі полицейлердің табаны астында тапталып қалды. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
Аяқ астында қалған үнпарақтарда оппозициялық партияның кеңсесін қаумалап қоршап тұрған қазақ полицейлеріне халыққа қарсы қол көтермеуге шақырған ескерту-үндеу жазылған. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
Саясаткер Жасарал Қуанышәлі полицияға қайырылып, оппозиция шеруіне жол беруді талап етіп тұр. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
Полиция ұстап әкетпек болған «Алға» партиясының белсендісі Бозжан Құрақбаевқа серіктері ара түсіп, полицейлермен жұлқыласып қалды. Алматы, 1 мамыр, 2010 жыл.
Полицейлер көшеге өткізбей қойғаннан кейін оппозиция белсенділері «Алға» партиясы кеңсесінің ауласында отырып наразылықтарын білдірді. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
Полицейлердің тосқауылынан өте алмаған соң саясаткерлер Жасарал Қуанышәлі (сол жақта) мен Ермек Нарымбаев (ақ көйлекті) «Алға» партиясының кеңсесі ауласында билікке наразылық ретінде аштық жариялайтындарын мәлімдеді. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
Оппозиция белсенділерінің бір бөлігі 28 панфиловшылар саябағына жетіп акция өткізді, оларды полицейлер бақылап тұрды. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
«Алға» партиясының белсендісі саябақта кездескен кісілерге тәуелсіз газеттер мен георгиев лентасын таратты. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
28 панфиловшылар саябағында «Алға» партиясының белсенділері таратқан газетті оқып тұрған адам. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
Саябақта «Алға» партиясының белсенділері таратқан газеттің бір данасын қолына ұстаған адам қазақ полициясының офицерімен сөйлесіп тұр. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.
Бұл күні қаладағы Астана алаңында мерекелік думан мен сауда-саттық ұйымдастырылды. Алматы, 1 мамыр 2010 жыл.