ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Қырғыз халқы шын мәнісінде тарихымызда ұмыт бола бастаған «дала демократиясын» қалпына келтіруге күш салуда. Сол үшін де олар екі рет революциялық қадамға барды.

Олардың бойында Еркіндік атты бұла күш бар. Ол күш оларды ешқашан өзінің қарақан басының қамын ойлаған президенттерінің жетегінде жүре беруге жібермейді. Қазақта «Тау баласы тауға қарап өседі» деген сөз бар емес пе, сол сияқты, олар да «төмендегі» қарын қамымен ғана қыбырлаған «құмырсқаларға» «аянышпен» қарайды. Шектен шығып бара жатса – таптап тастайды...

Бірақ мен мұнда айтылған Акаевты диктатор қатарына жатқызғанмен келіспеймін. Акаев – табиғатынан диктатор емес адам. Түрінен көрініп тұр ғой. Оны шатастыратын әзәзілдер жеткілікті болды. Содан опық жеді де. Дегенмен халқына қарсы оқ атудан бас тартып, «жақсы ит өлігін көрсетпейді» дегендей, бой тасалады. Бірақ, басқа-басқа, дәл Ақаевтың қалыс басуға құқы жоқ еді... Табандылығы жетіспеді... Ал ондай адам қалайша диктатор бола алады?

Әбдірашит Бәкірұлы

(«Қырғызстан: Жаңа Конституцияның қызығы мен шыжығы» деген мақалаға жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Иә, шындықты қасқайып тұрып айтқандығы үшін Тоқтар ағамызды биліктегілер парламенттен аластатқан еді, енді солардың қабаған иттері туған ауылынан қуған екен, Қайтейін-ай, бұл бір кері заман болып тұр!!!

Асқар, Атырау

(«Тоқтар Әубәкіровті өз атындағы көшеден қалай қуғандығы жөніндегі бейнежазба» деген мақалаға жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Осындайда еріксіз ойланып қалады екенсің. Нені қорғамақшы болып жатыр екен, а? Мемлекеттік қауіпсіздікті ме, әлде «бизнесті» ме?

Қуат, Түркістан

(«Қазақстан мұнай қондырғыларын қорғау үшін өз әскери-теңіз флотын құрып жатыр» деген мақалаға жазылған пікір)