Маңғыстаудан жеткен соңғы суреттер
Жартылай жанып кеткен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі басылған банер. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл
Жаңаөзен қаласындағы арнайы жасақ сарбаздары. 19 желтоқсан 2011 жыл
Полиция қызметкері жергілікті тұрғынды тексеріп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл
Жаңаөзендік Сандуғаш Аманжолова 16 желтоқсан күні полицияның қолына түскен күйеуін әлі таба алмағанын айтып жылап тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл
Жергілікті тұрғын тегіс оқпанды қарудан атылған оқты көрсетіп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл
Қақтығыстан кейінгі Жаңаөзеннің орталық алаңы. 19 желтоқсан 2011 жыл
Жаңаөзен тұрғыны қаланың дүкендерінде азық-түлік қалмағанын айтады. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл
Орталық алаңдағы мерекелік транспаранттардың үстіне ілінген қолдан жасалған ұран. Ақтау, 19 желтоқсан 2011 жыл
Тегіс оқпанды қару және Калашников автоматын ұстаған полиция қызметкерлері митингіге шыққандарды бақылап тұр. Ақтау, 19 желтоқсан 2011 жыл
Жаңаөзендік мұнайшыларға қолдау көрсету үшін орталық алаңға шыққан ақтаулық тұрғындар. Ақтау, 19 желтоқсан 2011 жыл
Орталық алаңға жиналған наразылық танытушылардың талап-тілектері. Ақтау, 19 желтоқсан 2011 жыл