Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдумановтың «Алматы қаласының атауы Алма-Атаға айналуы мүмкін» деген болжамы әлеуметтік желілерде қызу пікірталас туғызды.
Серік Сейдуманов мамырдың 28-і күні журналистермен кездескенде «Алматы қайтадан Алма-Атаға айналуы мүмкін. Қаланың Алма-Ата аталуын мен де, әкім де қолдайды – әдемірек жазылады, жақсырақ жіктеледі, құлаққа да жағымды. Конституцияны жазған кезде ешкімнен сұрамай, қазақша да, орысша да «Алматы» деп жазды», – деген еді.
АЛМАТЫ, АЛМА-АТА ЖӘНЕ ALMATY
Әкім орынбасарының осы сөзіне орай әлеуметтік желілерде пікір айтушылар бірнеше топқа бөлінді.
«Алматы» деген атауды жақтаушылар Серік Сейдуманов айтқан нұсқаны «совет заманының қалдығы» деп атап, «тарихи атаудың орысшалануына» қарсылық танытты: «Түбегейлі қарсымын! Бұл – тарихты құрметтемеу! Әкімнің бұл қылығы саяси, тарихи, ғылыми сауатсыздығы, адами қасиетсіздігі!» деп жазады Rafkhat Zhaparov Facebook әлеуметтік желісінде. Ал Заира Сабитованың пікірінше, «Алма-Ата – бұл Совет одағы заманын аңсау».
«Алма-Атаны» қолдайтын азаматтардың сөздері әкім пікірімен үндес. «Бұл қаланың атын өзгерту кімге қажет болды. Түсінбеймін. Біз үшін бұл қала мәңгілік Алма-Ата болып қалды. Менің ойымша, бұл – дұрыс шешім» дейді Жанар Сапбекова есімді Facebook қолданушысы.
«Түкке тұрмас мәселеге қызылкеңірдек болмайық» деп, екі нұсқаны да қолдаушы адамдар бар.
«Егер орыс тілінде жазатын болсақ, онда орыс тілінің ережелеріне сай жазуымыз керек. Бұл ережелерді орыс тілінің «иесі», яғни Ресей белгілейді. Егер олар өз тілдерінде Алма-Ата деп жазылуы тиіс деп шешсе, онда бұл – олардың еркі, оған бәріміз бағынуымыз керек. Ал егер қазақ тілінде жазсақ, онда оны қалай жазуды өзіміз білеміз. Қазақша «Алматы» деп жазып жүрміз. Орыс мәтіндерінде – «Алма-Ата», қазақ мәтіндерінде – «Алматы» деп жазайық. Дәл солай ағылшынша «Almaty» деп ренжімей-ақ жазып жүрміз ғой» дейді Марат Толибаев есімді азамат.
«ЖАЗАЛАНУ КЕРЕК»
Ержан Алаш есімді интернет қолданушы осы мәселеге орай әлеуметтік желіде «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына ашық хат» жариялады.
«...Біз әлқиссадан бері Қазақ халқы құрып, 120 ұлтты қойнына тең сыйдырған мемлекетте тұрамыз. Алматы каласының атын «Алма-Ата» деп өзгерту ешқандай мәні бар қисынға келмейді. Үлкен әкімнің бұндай қателігі міндетті түрде жазалану керек деп ойлаймыз. Алматы – Қазақ халқының қара шаңырағы. Қазақ халқының қара шаңырағын орысша атауға алмастыруға қатаң қарсымыз, тіпті мұндай ойдың әкімнің басына келуі тәуелсіздігімізге орасан зор нұқсан келтіргенін айтқымыз келеді» деп жазады Ержан Алаш.
Ол «қазақ ұлтының мүддесіне қайшы келетін, ешқандай мәні және негізі жоқ ұсыныс пен мәлімдемені елге таратып жібергені үшін Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдумановты және оның басшысы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовты қызметінен босатып, Қазақстан республикасының конституциясына сәйкес, оларды жазаға тартуды» сұрайды.
Facebook-тегі Ерлан Камыров есімді интернет-қолданушы Алматы әкімі орынбасарының бұл ұсынысына байланысты «Нұр Отан» партиясы өкілдеріне ренжиді. «Істейтін іс қалмаған ба? Салмақты шаруалармен айналыспай ма! Соңғы кезде халыққа түк пайдасыз, біртүрлі заңдар ойлап шығарып жатыр. Халықтың әл-ауқат мәселесіне бас қатырмай ма?» дейді ол.
Ал «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин: «Алматының атауын қайтадан Алма-Ата деп өзгертпекші. Оданда Петропавл мен Павлодардың атауларын ауыстырмай ма?» деп жазды Twitter-де.