Ақтауда Айтқұловтың ісі бойынша сот басталды

Маңғыстау облыстық сотында облыс әкімінің 1-ші орынбасары Амангелді Айтқұлов. Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 ж.

Бүгін Маңғыстау облыстық сотында облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Амангелді Айтқұловтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша алдын ала сот отырысы басталды деп хабарлады Азаттық тілшісі. Оған адвокат пен айыптаушы тараптың өкілдері қатысып отыр.

Биыл ақпан айында экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі (қаржы полициясы) Амангелді Айтқұловты қамауға алған еді. Тергеу органы Айтқұловқа 2008 жылы "Өзенмұнайгаз" компаниясы директорының орынбасары болып тұрған кезінде "Өзенқұрылыс" кәсіпорнының директорынан пара алған" деген айып таққан.