Алматыдағы "Музей түні"
"Музей түні" шарасына қатысушылар.
Халықаралық бизнес университетінің студенттері (солдан оңға қарай) Самал, Іңкәр және Сәния 19-ғасырда пайдаланылған тоқыма станогын тамашалап тұр. Сәния орталық музейге бірінші рет келіп тұр. Оған ұлттық қолөнер көрмесі ерекше ұнаған. "Мұндай бұйымдарды күнделікті өмірде көре бермейміз" деді ол.
Зейнеткер Ақжібек Қабай (сол жақта) ұлттық қолөнер көрмесінің ерекше ұнағанын айтты. "Жас күнімізде өзіміз жасаған бұйымдарды көріп есімізге алып жатырмыз" деген ол ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Музей түні шарасына келушілерге этнографиялық шеберлік дәрістер көрсетілді. 17 мектеп-интернат оқушысы Айбек Сүлеймен (ортада) салт-дәстүр және соғыс көрмелерінің қатты ұнағанын айтты.
"Жас ұлан" ұйымының мүшелері музей гидін тыңдап тұр.
Қыздарына татар көрмесіндегі заттарды көрсетіп тұрған әйел.
Египет мәдени орталығының көрмесін тамашалаушы.
Орталық мемлекеттік музей қызметкері Бибі Фатима (сол жақта) келушіге Фивы қаласынан табылған ежелгі Египет мумиясын таныстырып тұр. Экспонат қасындағы гидтің ерікті көмекшілері мумия болып киінген.
Қолданбалы өнер колледжінің оқытушысы Дүйсенбаев Мұхаммедқали соғыс экспозициясы алдында. Ол бір топ студенттерімен бірге "Музей түніне" арнайы келіп, шеберлік кластарын көрсетіп жатқанын айтты.
"Музей түні" шарасы кезінде мұражай мына оқушыны екінші дүниежүзілік соғыс жауынгерінше киіндіріп, соғыс экспозициясына бекітіпті.
Орталық мемлекеттік мұражайға қойылған 18-ғасырдан қалған батыр сауыты мен дулығасы көпшілік қасында жиі аялдаған экспонат болды.
Қазақстандағы Жапония елшілігінің мәдени орталығы "Музей түні" шарасына қатысып жатыр.
"Музей түні" кезінде ұйымдастырылған жәрмеңкеден бір көрініс.