Ресей "Протон-М" апатына қатысты іс қозғады

"Протон-М" зымыран тасығышының апатқа ұшырау сәті. 2 шілде 2013 жыл.

Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған "Протон-М" зымыран тасығышының апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы 4 шілдеде Ресейдің тергеу комитеті ресми сайтында хабарлады.

Тергеу комитеті зымыран тасығышының апатқа ұшырауына байланысты Байқоңыр кешенінде Ресей қылмыстық кодексінің жұмыс қауіпсіздігі ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

2 шілдеде Байқоңырдан ұшырылған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы әуеге көтерілген соң бірнеше секундтан кейін жарылып кеткен. Апат болған аумаққа зымыранның улы отыны жайылғаны туралы хабарланған. Қазақстан үкіметі бұл ақпаратты жоққа шығарады.