Египеттің уақытша президенті қызметіне кірісті

Мұхаммед Мурсидің билігіне наразы египеттіктер шеруі. Тахрир алаңы, Каир, 3 шілде 2013 жыл

Египет конституциялық кеңесінің төрағасы Адли Мансур президент міндетін уақытша атқарушы қызметіне кірісті.

Египет әскерилері 3 шілде күні Мұхаммед Мурсиді "халықтың талабын орындай алмады" деп президенттіктен шеттетіп, елде жаңа сайлаулар өтетінін мәлімдеген. Президенттің міндетін уақытша атқара тұруды конституциялық кеңес төрағасына тапсырған.

Мурси биліктен шеттетілген соң бірнеше қалада оның қарсыластары мен жақтастары арасында қақтығыстар болып, тоғыз адам қаза тапты.

Бірнеше көмекшісімен бірге ұсталған Мұхаммед Мурсидің қазір қайда екені белгісіз.