Байқоңыр ғарыш айлағында апатқа ұшыраған "Протон-М" зымыран тасығышының барлық бөлшегі жиналды деп хабарлайды "Қазғарыш" агенттігі.
"9-10 шілдеде зымыран құлаған жерде пайда болған қазаншұңқырда толықтай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Ресейдің тергеу комитеті Байқоңырда зымыран бөлшектерін анықтауды аяқтады. Зымыран бөлшектері жиналып, әкетілді" деп жазылған агенттік таратқан ақпаратта.
Зымыран құлаған аумақтың қалған бөлігі залалсыздандырылып жатыр. "Қазғарыштың" ақпараты бойынша, залалсыздандырылатын аумақ көлемі 13,1 мың шаршы метрді құрайды.
2 шілдеде үш "Глонасс" спутнигі тиелген ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді.
"Қазғарыш" басшысының орынбасары Еркін Шаймағамбетов осыдан екі күн бұрын шұңқырда гептилмен ластану деңгейіне қатысты Ресей мен Қазақстан мамандарының ұйғарымы екі түрлі екенін айтқан. Қазақстандық мамандар шұңқырдағы гептилмен ластану деңгейі шекті мөлшерден 527 есе, шұңқырға жақын (10 метр) жердің 10-20 сантиметр тереңдігінде ластану деңгейі қалыпты мөлшерден 3039 есе артық деп қорытқан. Бірақ ресейлік сарпшылар шұңқырдағы ластану деңгейі қалыпты мөлшерден 1230, ал шұңқырдың шығыс жағындағы ластану мөлшерден 8040 есеге көп деп ұйғарған.