Бүгін Астанада "Антигептил" қозғалысының бірнеше мүшесі Қазақстан президенті әкімшілігіне Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын зымырандарда гептил отынын қолданбауды талап еткен хат тапсырды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
1700-ге тарта адам қол қойған хатта белсенділер президент Нұрсұлтан Назарбаевтан ресейлік зымырандарды ұшыруда гептил отынын қолдануды тоқтатуды талап еткен. Егер ол талап орындалмаса, хат авторлары наразылық акцияларын ұйымдастырып, президент пен үкіметтің отставкаға кетуін талап ететіні туралы ескерткен. Белсенділер "Қазақстаннан зымыран ұшырғанда Ресейдегідей гептилден басқа жанармай түрлері қолданылуы тиіс" деп санайды.
Белсенділерден хатты президент әкімшілігі кеңсесінің қызметкері қабылдап алды.
2 шілдеде Байқоңырдан ұша бергенде апатқа ұшыраған ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышынан бірнеше жүз тонна улы отын – гептилдің төгілуі Қазақстан қоғамында қарсылық акцияларын туғызған еді.
"Антигептил" қозғалысының белсенділері бұған дейін де Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға, Қазақстанда АЭС салуға және ядролық қалдықтарды әкелуге қарсылық танытып, акциялар өткізген.