Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы кеңею істері бойынша комиссары Штефан Фюле 5 ақпанда "Ресейдің Еуропа Одағының шығысындағы көршілеріне қысым көрсетуіне жол беруге болмайды" деп мәлімдеді.
Брюссельде өткен аптада болған Ресей-ЕО саммитінің қорытындысы жайлы сөйлеген Фюле Мәскеу Грузия мен Молдованың осы жылдың соңына қарай Еуропа одағымен ассоциация келісіміне қол қоюына кедергі жасамайды деп күтетінін айтты.
Ол Еуропарламент депутаттарына Ресей президенті Владимир Путиннің кездесу кезінде "Шығыс серіктестік" тобымен іс жүзінде ешқандай мәселе жоғын айтқанын, бірақ кейбір экономикалық мәселелерге қатысты алаңдаушылық білдіргенін жеткізді.
Штефан Фюле бұған қоса Ресей адам құқықтарын сақтамай, сауда міндеттемелерін орындай алмағанын айтады. Оның сөзінше, 2013 жылы әлемде қабылданған барлық протекционистік шаралардың үштен бірін Ресей мен оның Кеден Одағындағы серіктері жасаған.
Ресей былтыр Армения Еуропа Одағымен жақын байланыс орната бастағанда Мәскеумен сауда қатынасын жасауға ықпал етпек болып, қысым жасаған еді.
Украина да соңғы сәтте Вильнюстегі саммитте Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге қол қоюдан Ресейдің қысымымен бас тартқан еді. Бұдан көп ұзама Ресей Украинаға қомақты қаржылай көмек ұсынған.
Грузия мен Молдова да биыл қарашада Литвада өтетін саммитте ассоциация туралы келісім жасауға ниеттеніп отыр.