Бірнеше апта бұрын жас белсенділер Ереван мэрінің кеңсесі алдында отырып, ереуіл шарасын өткізді. Олар қоғамдық көлік ақысының қымбаттауына наразылық танытып, бұл жағдайға айыпты шенеуніктерді жұмыстан шығаруды талап етті. Бұл ереуіл бағаның қымбаттауына қатысты үлкен наразылық акциясы аясында өтіп жатыр.
Ал Армения үкіметі «Ресей табиғи газдың бағасын кенеттен өсіріп жібергендіктен осындай қадамға бардық» дейді.
«АЛЫПТАРДЫҢ КҮРЕСІ»
Армения Республикалық партиясы төрағасының орынбасары Размик Зограбянның пікірлері жағдайды тіпті шиеленістіргендей. Ол Азаттықтың Армян қызметіне «Арменияның жағдайын қиындату үшін әлдекімдер көтерілісшілерді әдейі айдап салып отыр» деген пікір айтты.
– Армения ұлы держава емес. Басқа алпауыт елдер біздің іштей бір-бірімізбен күрескенімізді қалайды. Тек Ресейді ғана айтып отырған жоқпын. Өркениеттер шайқасы «Армения Еуропалық интеграцияға өте ме, әлде Ресейдің Кеден одағына кіре ме?» деген мәселеге қатысты жүріп жатыр. Алыптардың күресі біздің елде осылай көрініс берді, – дейді ол.
Армяндар ұзақ уақыт бойы Ресейді басты қорғаушысы санап келгені белгілі, бірақ соңғы аптадағы Мәскеудің әрекеті негізгі геосаяси таңдау жасаудың алдында тұрған армяндардың жүйкесіне тиді. Совет Одағы ыдырағаннан бері Армения Ресейдің Оңтүстік Кавказдағы негізгі стратегиялық одақтасы болды. Ереван экономикалық және қауіпсіздік мәселелер бойынша Мәскеуге арқа сүйейтін. Алайда қазір армян үкімет Еуропа одағына қарай бетеп барады. Солайша, Ереван Еуропа одағының қараша айында Вильнюсте өтетін Шығыс әріптестік саммитінде бірлестік туралы келісімге келіп, еркін сауда аймағына қосылуы мүмкін.
АРМЯНДАРДЫ ЫЗАЛАНДЫРҒАН ЖАҒДАЙЛАР
Маңызды басқосу да жақындап қалды, ал Мәскеу Арменияға және осындай жағдайды бастан өткеріп отырған Украина мен Молдоваға қысым жасап, жағдайды өзгертіп, өз ықпалы жүретін Еуразиялық Кеден одағына енгізгісі келеді. Ал Еуропа одағы DCFTA (Еркін сауда аймағын тереңдету келісімшарты) мен Ресейдің Кеден одағының бағыты бір емес екенін ұқтырды.
Сырттай қарағанда, Армения үкімет Ресеймен әлі тығыз байланыста сияқты көрінеді. Екі мемлекет 29 шілдеде Еревандағы Ресей меншігіне қарайтын электроника зауытында шағын еркін сауда аймағын ашты. Оның ашылу салтанаты кезінде Армения премьер-министрі Тигран Саркисян «орыс-армян байланысы қарқынды дамып келеді» деп мәлімдеді.
Саркисян 25 шілдеде өткен министрлер отырысында Еревандағы ереуілді мақтауға тырысып, оны «азаматтық қоғамның дамып келе жатқанының белгісі» деді.
– Бұл адамдардың әрекеті сыртқы себептерден туындаған жоқ, партизандық емес. Бұл – әлеуметтік сипаттағы қозғалыс. Әлеуметтік тілектестік пен кедейлікке қарсы күрестің нәтижесі. Бұл шараға жетекші болған жастардың ниеті белгілі, – дейді ол.
Бірақ осы шешуші сәтте Мәскеу Ереванның көңіл-күйін бұзатын сәтсіз әрекеттер жасады. Ресей табиғи газ бағасын өсіргеннен бөлек, Әзербайжанға құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайтын қару-жарақты ашық тасымалдай бастады.
Армения мен Әзербайжан 1990 жылдардың басында этникалық армяндар мекендейтін Таулы Қарабақ үшін соғысқан болатын.
Бірақ армяндарға қатты батқаны – Ресейдің Армения азаматы Грачья Арутюнянды қорлағаны. Жүк көлігін жүргізіп келе жатқан Арутюнян 13 шілде күні Мәскеу маңында автобусқа соғылып, 18 адамның қазасына, 30 адамның жаралануына себепкер болды.
Арутюнянды Мәскеу сотына әйел адамның гүлді халаты мен шәркейін кигізіп әкелгенде армяндар қатты ашуланды. Бұл жағдай оларды қорлап, намыстарын таптады. Қорланған Арутюнян шағын отырыста сотқа қарап сөйлей алмады. Ресейдің мемлекеттік телеарнасы Арутюнянды «қорсылдады» деп мысқылдап, этникалық тегіне назар аударды. Осы оқиғадан соң жүздеген армян Ресей елшілігінің алдына келіп, наразылық акциясын өткізді.
– Ресей шешендермен соғысқан кездегі сұмдық оқиғалар әлі есімізде. Сол кездегі орыстардың қас жауы (дала командирі Салман) Радуевтің өзі осындай қорлауға ұшырамаған еді. Арутюнянның сотқа әйел көйлегін киіп келгенінің өзі – саяси шешім. Бұндай шешімді жергілікті полиция қабылдаған жоқ деп ойлаймын, – дейді Еревандағы құқық қорғаушы, қарсылық акциясына қатысқан Аветик Ишханян.
Бұған қарсы Ресей «белгісіз біреулер оқиғаны пайдаланып, армяндарды айдап салып отыр» деп мәлімдеді. Бірақ Армениядағы қоғамдық пікір тарихи көзқарастан ауытқи бастаған сияқты.
«Ресей – Армения қауіпсіздігінің кепілі» деген қағиданы орыстар әдейі бұзып жатқан сияқты. Осыдан бір жыл бұрын Армения азаматтары Ресей елшілігінің алдында наразылық акциясын өткізеді десе, ешкім сенбес еді» деп жазады армян журналисі және «Аравот» газетінің блогері Эмма Габриелян.
«РЕСЕЙ – НАШАР ОЙЫНШЫ»
Лондон корольдік халықаралық қатынастар институтының Ресей мен Еуразия бағдарламаларының жетекшісі Джеймс Никсидің айтуынша Ресей Арменияға терең тамыр жайған, бірақ Мәскеу осы артықшылықты тиімді пайдалануды білмейді.
– Ресей қолындағы тамаша картамен жақсы ойнай алмайды. Егер көзі қырағы болса, басқа постсоветтік елдермен қарым-қатынасын дұрыстар еді. Ресей өзі Батыс тарапынан жеткілікті сый-құрметке ие бола алмағаны сияқты, өзге елдермен де сондай байланыс орната алмай отыр, – дейді ол.
Джеймс Никси Арменияның Еуропа одағына не Кеден одағына қосылу туралы нақты шешім қабылдамағанын ескертеді. Еуропа одағы келісімшарты бойынша қойылатын саяси және экономикалық реформа талаптарын Арменияның жуық арада орындай қоюы екіталай, ал Кеден одағы керісінше ешбір талапсыз қабылдайды. Сарапшының ойынша, «Кеден одағына қосылған күнде Армения уақытша болса да айтарлықтай экономикалық пайда көруі мүмкін».
Ал Армения қоғамы Еуропа одағына қосылуды қалайтын тәрізді – газ бағасының өсімі, Арутюнян оқиғасы мен Әзербайжанға сатылған қару олардың Ресейден теріс айналуына ықпал еткендей. Никсидің пікірінше, Армения президенті Серж Саркисян соны назарда ұстауы керек.
– Жартылай авторитарлы қоғам үшін азаматтық пікірді есепке алған өте маңызды. Ресей оларды көп жазалап, қорлап кетті, оны ескермеу Саркисян мырза үшін саяси тұрғыда тиімді емес, – дейді Джеймс Никси.
Роберт Коалсонның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.