Ақпанның 16-сы күні Алматыдағы тәуелсіздік ескерткіші тұрған орталық алаңға ұлттық валюта - теңгенің девальвациясына наразылық білдіруге келген адамдардың кейбіреуін полиция ұстап алып кетті.
Сағат он екілер шамасында тәуелсіздік ескерткішіне өтуге әрекет жасаған белсенділер Жанна Байтелова мен Евгения Плахинаны полиция қызметкерлері ұстап, алып кеткен. Сонымен бірге басына әйелдің шілтер ішкиімін киіп алған белсенді Валерия Ибраеваны да полиция ұстаған (бұған дейін Кедендік одақ аумағында «регламентке сай емес» деп танылған әлгіндей ішкиімді шығаруға, енгізуге және сатуға тыйым салынғаны туралы хабар тараған еді). Полиция қызметкерлері алаңда болып жатқан оқиғаны түсірмек болған журналистерді ол жерден ығыстырып тастаған.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қазір алаңға ондаған адам жиналған. Прокуратура өкілі де жүр.
Жексенбі күні таңертеңнен қызыл жолақты лентамен қоршалып, «Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр» деген жазу ілінген тәуелсіздік ескерткіші орналасқан алаңда ондаған полиция қызметкерлері, бірнеше автобус пен жеңіл көліктер тұрған еді.
Ақпанның 15-і күні Алматыда теңге девальвациясы мен қымбатшылыққа наразылық білдірген наразылар тәуелсіздік ескерткіші тұрған орталық алаңға барған еді. Сол жерде ондаған адамды полиция күштеп көлікке салып, Бостандық ауданының ішкі істер бөліміне апарып, бірнеше сағат ұстаған. Ұсталғандарға "заңсыз митинг ұйымдастырған" деген айыппен іс қозғалып, сенбі күні кешке әкімшілік сот бір адамды 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу, оннан аса адамға әкімшілік айыппұл салу туралы шешім шығарған.
Ақпанның 11-і күні Қазақстан Ұлттық банкі ұлттық валюта - теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бұрынғы бағамын ұстап тұрудан бас тартқан соң, теңгенің бағамы күрт құнсызданып кетті. Билік бұл шараға Кедендік одаққа мүше мемлекет - көршілес Ресейдегі рубль бағамының төмендеуі де себеп болды деп түсіндірген еді.