Пекинде Тяньаньмэнь алаңында студенттердің наразылық шеруін биліктің әскер күшімен басып-жаныштап, жүздеген адам қаза тапқан қанды 1989 жылғы оқиғаға 25 жыл толуына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
АҚШ үкіметі бұл атаулы күнге орай Қытай билігін сол кездегі оқиғаларға қатысты есеп беріп, демонстрациялар кезінде және одан кейін ұсталғандар мен із-түзсіз жоғалғандар туралы деректерді жариялауға шақырды. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карнидің мәлімдемесінде АҚШ-тың қашан да наразылық танытушыларды қолдайтыны айтылған.
Карни Қытайдың соңғы 30 жылда әлеуметтік-экономикалық салада үлкен жетістіктерге жеткенін мақтап, Пекинді сонымен бірге өз азаматтарының жалпыға ортақ және жеке құқықтарының құрметтелуіне кепілдік беруге шақырған.
Бұдан ширек ғасыр бұрын Пекиндегі Тяньаньмэнь алаңында алты апта бойы жалғасқан демократияшыл шерулерді тоқтату үшін Қытай билік орындары танктер мен сарбаздарын жіберген еді. 1989 жылы маусымның 4-іне қараған түні үкімет күштері наразылық танытушыларды басып жаншыған. Сол кездегі зорлық-зомбылық әрекеттерінен жүздеген адам мерт болды. Кей деректерге қарағанда, Тяньаньмэнь қырғынында мыңдаған адам қаза тапқан болуы мүмкін.