9 маусым күні түскі 13:30 шамасында Астанадағы 16/12 бейнепорталының кеңсесін өздерін "қаржы полициясының өкілдеріміз" деп таныстырған белгісіз адамдар тінте бастады. Олар оқиға орнына жеткен Азаттық тілшісінің сауалдарына жауап бермей, ғимараттан күштеп шығарды.
Кеңсені тінтіп жатқан адамдардың екеуі бейнекамера ұстаған. Бейнепортал журналисі Санат Орын Әли Азаттық тілшісіне өздеріне тексеру барысын түсіруге рұқсат берілмегені туралы айтты. Журналист Facebook-тағы жеке парақшасына тексерушілердің "Алматы прокурорының санкциясы бойынша келгенін" жазды.
"16/12" ақпарат арнасы" - Қазақстандағы аз санды тәуелсіз электрондық БАҚ-тардың бірі. 2013 жылы құрылған бейнепортал үшін хабар дайындайтын жекеменшік "Ракурс" студиясының Алматыдағы кеңсесі де былтырғы желтоқсан айында тінтілген болатын.