Ұлттық банктің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бүгінгі бағамы 255,26 теңгені құрайды
Алматыдағы коммерциялық банктерде долларды сату бағасы 253 теңге, ал сатып алу – 251 теңге деп көрсетілген.
Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданып, бір АҚШ долларының бағасы 198 теңгеден 255 теңгеге дейін қымбаттап кеткен еді.