Ресей құрамындағы Кабардин-Балқар автономиялық республикасы аумағына екі мыңға жуық сириялық босқын келген. Бұл туралы автономияның билік орындары мәлімдеді. Босқындардың көпшілігі – арғы ата-бабасы Кавказда тұрған сириялық черкестер екені хабарланды.
Ресей президенті жанындағы азаматтар бостандығы мен адам құқығы жөніндегі кеңестің мүшесі Максим Шевченко Ресей 5-10 мың черкесті қабылдай алады деп мәлімдеген.
Мыңдаған черкес, абхаз, абаз және басқа да халықтар 1884-1867 жылдары аралығында Кавказ соғысынан соң ата-баба мекенін тастап, шетелге бассауғалап кетуге мәжбүр болған. Солардың көбі қазіргі Сирия территориясына ауып барған еді.
Сириядағы соғысқа дейін ол елде 80 мың этникалық черкес тұрған.