Туберкулезден 2016 жылы елде 607 адам қайтыс болған
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанда туберкулезге шалдыққан 17 мыңнан аса адам диспансерлік есепте тұр. Өткен жылы елде дерт салдарынан 607 адам қайтыс болған. Кей ата-аналардың балаларын туберкулезге қарсы ектіруден бас тартуы дәрігерлерді алаңдатып отыр.