Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» тексеру-өткізу бекетінен күн сайын 25 мыңға жуық адам, екі мыңдай көлік өтеді. «Шекараның» тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында барған Азаттық тілшісі Қордай асуында қырғызстандық еңбек мигранттарымен танысқан еді.
Алматыда «Қоршаусыз қала» бағдарламасы аясында темір шарбақтарды бұзып жатыр. Азаттық тілшісі кейін оларды қайда жіберетінін анықтап көрмекші болды.
Қазақстан үкіметі "Қазақ туризм" ұлттық компаниясын құрмақ. Шенеуніктердің сөзінше, елдің қайталанбас әсем табиғаты компанияның келер жылы шығынын өзі өтеуіне мүмкіндік береді. Азаттық тілшісі "бірегей ландшафтардың" жай-күйі қандай екенін анықтауға тырысып көрді.
Ресми статистика бойынша, Қазақстандағы жұмыссыздар саны үнемі азайып келеді. Бірақ тұрақты жұмысы жоқ азаматтар бар, олар кездейсоқ табыс табады, жұмыспен қамту орталықтарына үш ай сайын тіркелмейді, яғни статистика бойынша жұмыссыз саналмайды.
Цензура болмаса да, Қазақстанда жергілікті баспалар өнімінің толымды кітап нарығы қалыптаспады. Кітап дүкендерінен қазіргі қазақстандық жазушылардың көркем шығармаларын табу қиын, енді таныла бастаған есімдер де ұшыраспайды. Ал жазушылар совет заманындағы сияқты әдебиетті мемлекеттің қаржыландыруын сұрайды.
Әлемнің 150 еліндегі компьютерлерге шабуыл жасаған WannaCrypt бопсалаушы вирусын екі энтузиаст бар-жоғы 11 доллар жұмсап «кездейсоқ» тоқтатты. Әлгі ақша зиянкес кодына «тігілген» доменді тіркеуге жұмсалған.
Мектеп оқушыларына берілетін үй тапсырмасын азайтуға қатысты ұсыныстар қабылдауды кей адамдар баланың әуесқой істерімен айналысуға бос уақыты болады деген үмітпен құптап жатыр. Білім саласы жүйесінде көп дүние «қағаз жүзінде» ғана жасалады деген де пікір бар.
Ресейдің Астрахань облысында экстремистердің полицияға жасаған шабуылына Қазақстанда туған үш адамның қатысы туралы болжам расталмады. Бірақ Қазақстанға да еніп кетіп жатқан радикалды идеялар бұл аймақта тез таралады.
Парламент мәжілісінде «Жол жүрісі туралы» заңға түзетулер енгізуге қатысты жұмыс әлі аяқталған жоқ, бірақ көлік жүргізушілер ұсыныстарды қазірдің өзінде сынап жатыр. Бұл заң соңғы рет 2015 жылы өзгертілген.
Батыс елдері мен Ресейге қарағанда,Қазақстанда электрондық тәсілмен ақша ұрлау статистикасы жүргізілмейді. Елдің ең ірі банктері клиенттерін қырағы әрі ұқыпты болуға шақырады. Хакерлер адамдардың қателігін пайдаланады.
Ресми статистика деректеріне сәйкес, Қазақстанда жеке кәсіпкерлер саны 15 пайызға азайған. Елдегі шағын бизнес өкілдерінің көбі теңге бағамы құлдырауынан зиян шегіп отырған сауда саласында жұмыс істейді.
Фермерлер «өніміміз делдалдар арқылы сатып алушыға жеткенше екі есе қымбаттайды» деп қынжылады. Бірақ Қазақстанда көкөніс өсіріп, оны өнеркәсіптік көлемде қайта өңдеу үшін іске қосылған көптеген жобалардың сәтсіздікке ұшырауына сауда желілері кінәлі емес.
Алматыдағы Жансүгіров көшесінің кей тұрғындары жол айырығын салу үшін мемлекет қажетіне алынатын меншігіндегі үйлері мен жер телімдерін лайықты бағалауды биліктен талап етеді. Билік өтемақы сомасы әлі белгіленбегенін айтады.
Қазақстан автобизнес қауымдастығы Еуразия экономика одағына мүше елдердің моторлы транпорт құралдарын құрастыру құқықтары тең емес деп мәлімдеген депутаттық сауалды теріске шығарады. Сауал авторы «дискриминациялық нормалар бар, олар саланың дамуын тежейді» дейді.
Қазақстанда жұрт ұлттық пантеонда кімдер жерленеді деген сауалды да талқылайды. Үкімет пантеон құрылысына бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр.
Былтыр елде туберкулезден 607 адам көз жұмаған. Кей ата-аналар балаларын дертке қарсы ектіруден бас тартып отыр.
Елде жұмыспен қамтылғандар саны кеміген тұста ресми жұмысы жоқ деп саналатын адамдардың (өзін-өзі қамтығандар)жағдайына алаңдаушылық та күшейіп келеді. Қазақстанда екі миллионға жуық адам еңбек қатынастарын ресімдемей жұмыс істейді.
Алматыда жалғызілікті қарт әйел жаңа көршісі қарайласуды ұйғарғанға дейін жылдар бойы антисанитарлық жағдайда өмір сүрген. Оның пәтерін тазалауға бірнеше күн кеткен. Жалғызілікті жандарға көмектесетін әлеуметтік ұйымдар бар,бірақ кей адамдар олардың бар екенін білмейді.
Қазақстандағы білім департаменттері интернеттегі «ажал топтарының» ықпалы тарауына қарсы шұғыл шаралар қолдана бастады. Еріктілер «оларды тауып алуға болады, бұл шаруаға бүкіл әлем болып кірісу керек» дейді.
2016 жылдың төртінші тоқсанындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда ең көп жалақыны мұнай саласы қызметкерлері алады. Тізімнің соңғы жағында мұғалімдер тұр.
Тағы