Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семейде "Абай аренасы" стадионына өз есімін беруге қарсы. Бұл туралы 18 наурызда оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де хабарлады.
"Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің "Абай арена" стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай "құрмет-қошеметке" қарсы. Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс" деп жазды.
Депутаттар пікірі Семейде "Абай аренаны" "Елбасы арена" деп ауыстырған жөн бе?Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында спортшы, қоғам қайраткерлері, интеллигенция өкілдері, жастар, ҮЕҰ, БАҚ және белсенділер Қарағайлы шағын ауданындағы көшеге және "Абай арена" стадионына елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынған. Олар бірінші президент "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елге сіңірген еңбегі мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне" орай осындай бастама көтерген деп айтылады.
Жергілікті мәслихат депутаттары бұл ұсынысты қалалық мәслихаттың жақын сессиясында қарастыруды бір ауыздан қолдаған.
Бұл бастама көтерілгеннен кейін желіде қарсы пікірлер көбейді. Қолданушылар "жағымпаздық пен бассыздықтың шеті мен шегі жоқ па?" деп бұл бастамаға қарсы шыққан. Мұндай пікірлер көбейген соң Семейдегі жаңалықтарды жариялайтын Facebook желісіндегі топ пікір білдіру функциясын өшіріп тастады.
Қазақстанды отыз жылдай басқарған Назарбаев екі жыл бұрын президенттіктен кеткен. Бірақ ол Қауіпсіздік кеңесінің және биліктегі "Нұр Отан" партиясының төрағасы ретінде билікке ықпалын сақтап қалды. Ол "Елбасы" статусының арқасында ешқандай қылмыстық жазаға тартылмайды.
Назарбаев президенттіктен кеткен соң ол орнын серіктесі Қасым-Жомарт Тоқаевқа қалдырды. Тоқаев президенттікке келе сала Астана қаласының атын Нұр-Сұлтан деп ауыстырды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Назарбаев көптік етпей ме? Нұр-Сұлтанда экс-президентке тағы бір музей ашылдыХалықаралық құқық қорғаушылар Назарбаевты авторитарлы басқару жүйесін қолданды деп жиі сынайды. Қазір оның атымен елде әуежай, университет, мектеп, парк, спорт кешені, көшелер, Іле Алатауындағы шың аталады. Ел астанасы мен бірнеше қалада оның ескерткіші бар.
Былтыр Қазақстан ақын Абайдың 175 жылдығын атап өткен. Пандемия салдарынан Абайдың мерейтойына жоспарланған салтанатты шаралардың көбі өтпей қалды.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында спортшы, қоғам қайраткерлері, интеллигенция өкілдері, жастар, ҮЕҰ, БАҚ және белсенділер Қарағайлы шағын ауданындағы көшеге және "Абай арена" стадионына елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынған. Олар бірінші президент "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елге сіңірген еңбегі мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне" орай осындай бастама көтерген деп айтылады.