Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Нұржан Шайлдабекованың айтуынша, 12 сәуірде референдумда жаңа конституцияға сайлаушылардың 79,31 пайызы немесе 1,03 миллион адам "иә" деп дауыс берсе, 13,65 пайызы "жоқ" деп дауыс берген.
Қырғызстанда 6,5 миллион адам бар. Ал референдумда әр алты адамның біреуі ғана дауыс берген. Сондықтан "Жаңа конституцияның қабылдануы расымен халықтың қалауы ма?" деген сұрақ туады.
Референдум өту үшін 11 сәуірде сайлаушылардың кемі 30 пайызы дауыс беруі керек болатын. ОСК референдумға сайлаушылардың 37,1 пайызы қатысты деді.
Бұл 10 қаңтардағы көрсеткіштен (39 пайыз) аздау. Ол кезде сайлаушылар жаңа президентті сайлап, конституциялық реформа өткізуді қолдаған еді.
Қаңтарда 1 миллион 354 мың адам дауыс берген. Оның 81,44 пайызы, шамамен 1,1 млн адам референдум өткізуді қолдаған.
"ДЕПУТАТТАР ШЕШІМІ КҮМӘН ТУҒЫЗАДЫ"
Президент Садыр Жапаров – 4 қазан күнгі парламент сайлауынан кейін болған жаппай наразылық кезінде түрмеден шыққан саясаткер. Ал Қырғызстан 2010 жылдан бастап парламенттік басқарудан президенттік басқару жүйесіне көшкен еді.
Жаңа құжат Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиев кезіндегі конституцияға ұқсайды. Бұл екі президенттің елден қуылуына конституцияға президентке көп құзырет берген түзетулер енгізгені де ішінара әсер еткен еді.
Жапаровтың айтуынша, референдум арқылы қабылданған 2010 жылғы конституция парламентті өз орнын сатып алған, жанжалдасудан басқа жарытып ештеңе тындырмаған депутаттарға толтырған.
4 қазаңдағы нәтижесі бұрмаланған парламент сайлауы наразылықтарға ұласып, нәтижесі жойылды. Депутаттардың құзыреті біткендіктен және жаңа сайлау өтпегендіктен, 2015 жылы сайланған парламент депутаттары құзырет мерзімін ұзартып алған. Олардың мандаты 28 қазанда аяқталуы керек еді. Көптеген заңгерлер бұл әрекет парламент мерзімі ұзартылғанға кейін қабылданған әр шешімнің күмән туғызатынын айтады.
Дәл осы парламент желтоқсанда бірнеше күн ішінде жаңа конституция жобасын үш оқылымда да мақұлдады. Бұл қолданыстағы конституцияға қайша келеді.
Парламент конституция жобасын мақұлдағаннан кейін, оған сыншылар назарына іліккен тағы бірнеше өзгерту енгізілді.
Депутаттардың 89 мүшесі бар Конституциялық палата құру шешімі де күмән туғызады.
ҚОҒАМ ПІКІРІ ЕСКЕРІЛДІ МЕ?
Көпшілігін "Жаңа конституция жасауда қоғамдық пікір қандай рөл ойнайды, жалпы, ойнай ма?" деген сұрақ мазалады. Негізі, құжат парламент бекітпес бұрын қоғам талқысына ұсынылуы тиіс еді. Бірақ ұсынылмады. Ал 2010 жылғы конституцияның қабылдануына азаматтық қоғам мен қоғамдық топтар қатысқан еді.
11 сәуір күні референдум кезінде жүргізілген сауалнама адамдардың көбі жаңа конституцияға қандай өзгеріс енгізілгенін білмейтінін көрсетті.
4 қазаннан кейін бірнеше күнде өткізіледі деп жоспарланған жаңа парламент сайлауы мүлдем кейінге қалды. Қазір жаңа парламент сайлауы жаздан ерте өтпейді деген болжам бар. Бұл өте түсініксіз. Себебі дәл 4 қазаннан кейінгі халық наразылығы жаңа конституцияның қабылдануына, Қырғызстанның қазіргі жолға түсуіне әсер еткен еді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Ханституция". Қырғызстан Конституциясының жобасы неге сынға ұшырады?Парламент жаңа конституция бойынша көптеген құзыретінен айырылады. Қырғыз парламенті қазір 120 депутаттан тұрса, жаңа конституцияда депутат саны 90-ға дейін азайған.
Халықта құжаттың заңдылығына күмәндануға негіз көп. Егер жаңа президентке және оның үкіметіне қырғыз халқының көңілі толмаса, күманданар да еді.
2005, 2010 және 2020 жылдары сондай наразылық президенттерді биліктен тайдырған болатын.
Жаңа конституцияға қарсы тарап құжатты 4 қазанға дейін түрмеде отырған адам ұсынғанын, оған қоғамның мүлдем араласпағанын, оны мандаты аяқталған депутаттар мақұлдағанын, ал референдумда халықтың 16 пайызы ғана қолдағанын алға тартады. Наразылыққа негіз көп.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Демократия орнына ата-баба дәстүрі. Жаңа қырғыз конституциясының ерекшелігі қандай?