Ресей: "Талибан" жетістіктері "оң рөл ойнап жатыр"

Ресей сыртқы істер министрлігі аумақта террористік ұйым саналып келген "Талибан" қозғалысының әскери жетістіктеріне оң баға берді.

Ресей сыртқы істер министрлігінің Азия департаментінің директоры Замир Кабулов тәліптер Ауғанстанның солтүстігіндегі аумақты басып алу кезінде өзге топтарды жойып жатыр деп мәлімдеді. Оның сөзінше, олар тек Ауғанстанды емес, Орталық Азия, Пәкістан, Иран елдерін нысанаға алған топтар.

"Сол себептен де, "Талибанның" іс-әрекеті Ресейдің Орталық Азия әріптестерінің қауіпсіздігі үшін "маңызды фактор" ретінде саналады" деп атап өтті Замир Кабулов.

Осының алдында "Талибан" делегациясы Мәскеуге барып, Ресейдің СІМ өкілдерімен кездесу өткізген.

Мамыр айынан бері Ауғанстан жерінен АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалиция әскері шығып жатыр. Содан бері "Талибан" қозғалысы аймаққа ықпалын кеңейтіп жатыр, солтүстік өңірдің біразын басып алды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ресей тәжік-ауған шекарасына жаңа бекет салуға қатысадыРесей Ауғанстаннан консулдық қызметкерлерін алып кетіп жатырТәліптер келе жатыр. Орталық Азия мен Ресейге қауіп бар ма?Ташиев: Қырғызстан Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасына қауіп төнсе, көмектесуге міндетті