Өзбекстан ауған босқындарына лагерь салынды деген мәліметті терістеді

Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне қарасты Шекара әскері Ауғанстанмен шекарада босқындарға арналған палатка лагерь салынады деген мәліметті жоққа шығарды.

Шілденің басында Eurasianet басылымы Өзбекстанның Сұрқандария облысында Ауғанстаннан келетін босқындарға арнап палатка қалашық салынды деп хабарлаған.

Шекара әскерінің мәліметі бойынша, биыл Ауғанстаннан бір де бір босқын Өзбекстан шекарасын кесіп өтпеген.

"Мемлекет шекарасын бұзғандар ұсталды. Оларға Өзбекстан заңдарына сай жаза қолданылды" делінген шекара әскері басшысының орынбасары қол қойған хатта.

Мұның алдында Өзбекстан сыртқы істер министрлігі 23 маусымда Ауғанстаннан Өзбекстанға қару ұстаған 53 жауынгер өткенін хабарлаған. Кейін, 27 маусымда тағы 44 ауған әскері Өзбекстан шекарасын бұзғаны мәлім болды.

Шекара әскері 23-30 маусым аралығында барлығы 150-ге жуық ауған сарбазы ұсталғанын растады. Олардың бәрі кейін елге оралған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Талибан" Ауғанстан шекарасының 90 пайызын бақылауда ұстап отырғанын мәлімдедіТәліптер келе жатыр. Орталық Азия мен Ресейге қауіп бар ма?АҚШ Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан Америка әскеріне көмектескен ауғандарды "орналастыруды сұрайды"Өзбекстан Ауғанстанмен шекарасын күшейтті: шенеуніктер мен имамдар азаматтарды сақ болуға шақырдыӨзбекстан шекарасын бұзған 47 ауған азаматы еліне қайтарылдыТалибан содырлары Орталық Азия шекарасына келді