Ауыр атлет Полина Гурьева Токиодағы Олимпиада ойындарында күміс жүлде алды. Бұл - тәуелсіз Түркіменстан тарихындағы алғашқы Олимпиада жүлдесі.
Ауыр атлетикада 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынаған Гурьева екі жаттығу бойынша 217 келі (96+121) көтерді.
Алтын жүлдені Тайвань спортшысы Куо Син-Чжунь алды. Ол 236 кг (103+133) салмақты бағындырды. Қоланы жапон атлеті Микико Андо 214 кг (94+120) салмақпен жеңіп алды.
Токиодағы Олимпиада ойындарына тоғыз түркімен спортшысы қатысып жатыр. Олардың дені ауыр атлетика спортында бақ сынайды.
Тәуелсіз медиа мәліметіне қарағанда, түркімен делегациясын Олимпиадаға Түркіменстан президентінің ұлы, вице-премьер Сердар Бердымұхамедов бастап барды.
Тәуелсіз Түркіменстан тарихында түркімен атлеттері 30 жылда алғаш рет Олимпиада ойындарында жүлде алды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"2016 жылдан кейін бәрін тастағым келген". Чиншанло Токионың қоласына "риза"Чемпион атанған ғылым докторы һәм өзбекстандық 19 жастағы чемпион"Қытай атлетімен бәсекелесуге болады". Ауыр атлет Игорь Сон Токиодағы қола медалі жайлы не деді?