Ауғанстандағы жағдай Тәжікстанға қауіп төндірсе, Ресейдің 201-әскери базасы тәжік билігіне әскери көмек көрсетеді. Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді.
"Мәскеу тәжік армиясын қару-жарақ және әскери техникамен тегін жабдықтауға дайын. Тәжікстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше және әскери одақ болғандықтан, оның аймақтық бүтіндігі мен қауіпсіздігін қорғау мәселесінде Мәскеу шетте қарап тұрмайды" деді Шойгу.
Ол сонымен бірге орыс әскері Сирияда, Ливияда және Иракта соғысқан "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы содырларының Ауғанстан аймағына белсенді түрде өтіп жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, қазір Тәжікстан армиясының кәсіби дайындығын жоғарылатып, тәжірибесін арттыру бойынша іс-шаралар жүріп жатыр.
Шілде айының басында Тәжікстан ҰҚШҰ-ға Ауғанстанмен шекарасын күшейтуге көмек сұраған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Басқа амалымыз жоқ". "Талибан" қыспағынан қашқандар қайда кетіп жатыр?"Талибан" Ауғанстан шекарасының 90 пайызын бақылауда ұстап отырғанын мәлімдедіРесей тәжік-ауған шекарасына жаңа бекет салуға қатысадыТәліптер келе жатыр. Орталық Азия мен Ресейге қауіп бар ма?Тәжікстан Ауғанстанмен шекарасын нығайту үшін 20 мың сарбазды жұмылдырмақ